• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:44:11
Алматы
+35°

02 Сәуір, 2019 Денсаулық

Аяғына 3 литр қан жиналған Болат: Ине тисе жарылып кетуі мүмкін

«Ең қорқытатыны егер тері жұқаратын болса немесе ине тиіп кететін болса, онда жағдай мүлде қиындап кетуі мүмкін.»

Болат Тұңғатарұлы Дияс 1995 жылы ақпан айының 28 жұлдызында Алматы облысы Райымбек ауданы Шəлкөде ауылында туылған. 2004 жылы сол жақ аяғында өлі ет пайда болды деген диагнозбен Алматы қаласының облыстық ауруханасына барып емделіп 2005 жылы аяғына ота жасалынды. Дегенмен, жасалған емнің ешбірі пайдаға аспағаннан кейін Болат Тұңғатарұлы амалдың жоғынан Корея еліне барып емделуге мәжбүр болып отыр. Қысқасы, оған көмек керек.

Жағдайдың анық-қанығын білу үшін Qamshy.kz  ақпараттық агенттігінің тілшісі Болат Тұңғатарұлына хабарласты. 

–"Өлі ет пайда болды" деген диагноз қойылған екен. Бұл аяқтағы ісік қалай және қашан пайда болды?

–2004 жылы аяғым біртіндеп ісе бастады. Себебін білу үшін Алматыдағы облыстық ауруханаға барып көріндік. Онда ет пен терінің арасында  өлі ет бар деген диагноз қойылды. Аяқтағы өлі етті алып тастау үшін 2004 жылдың аяғында ота жасалынды. Кейін ота жасалып, болғаннан кейін дәрігерлер ешқандай да  өлі ет таппағандығын айтып, «Аяғыңда ешқандай аурудың белгісі жоқ» —  деп шығарып салды.

– Бұл  мәселеге байланысты дәрігерлер не деді?

–Себебін ашып айтқан жоқ. Тек өлі еттің ғана барын және оны кесіп алып тастау керектігін ғана айтты.

–Келесі ота қашан жасалды?

–Арада 1 жыл уақыт өткеннен кейін аяқтың одан әрі ісіп бара жатқандығын байқадық. Кейін қайтадан қаратуға барғанда нақты диагноз қойылмады, бірақ бармаған жеріміз қалмады. Алматыдағы Абай даңғылындағы онкологиялық ауруханада  "Сол жамбастың артериогенезді мольформациясы" (Артериовенозная мольформация левого бедра) деген диагноз қойды. Содан кейін олар мені Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығына жіберді. Ол кісілер бізге жолдама жазып, квота жасатуымызға уақыт берді. Нақты диагноз қойылғаннан кейін  біз 2012 жылдан бері Сызғанов ауруханасында қаралдық. Олар бізге отаның қалай жасалатындығын бүге-шүгесіне дейін түсіндірді.

«Әр 3-6 ай сайын келіп, ота жасатып отырасың. Біз тамырларға дәрі шашамыз. Оны бір отада жасап емдеп шыға алмаймыз. Мұны рет-ретімен ота жасау арқылы емдейміз. Шат қуықтағы күре тамыр арқылы ісік тұрған жерге дәрі жіберіп, жылына 3 - 4 рет ота жасатуға тура келеді» - деді дәрігерлер.

 Солай 2017 жылға дейін ота жасалды. 

–Осы уақытқа дейін қанша рет ота жасалды?

–Оннан аса. Бірақ, көлемі одан сайын ісіп, өсіп кетті. Ем қонбады. Аяққа жүрмейін десең де күш түседі. 

диагноз

–Адам денесінде 5 литр қан болатын болса, сіздің аяғыңызға 3 литрден астам қан жиналған екен. Бұл жайында дәрігерлер не деді?

–Соңғы 2018 жылы қаралғанымызда аяғыма 3 литрден астам қан жиналғанын білдік. Соның әсерінен қызыл тамыр мен көк тамырды бір-біріне қосып жіберген.  Жиналған қан ет пен теріге кетпеген, 14-15 жыл уақыт ішінде тек тамырлардың ішінде төмен түскен қан жоғары көтеріле алмай жинала берген. Содан кейін дәрігерлер "әрі қарай қолымыздан ештеңе келмейді" деп, дәрі жіберіп, ота жасағаннан пайда жоқтығын айтты. Ешқандай ем қонбағаннан кейін  дәрігер Бауыржан Орманов бүкіл хирургтерді жинап, Кореяға барып ем қабылдау туралы ұсыныс айтты.

–Елімізде емделіп шығу неліктен мүмкін болмады?

–Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауруды  тек техниканың көмегімен емдеуге болады. 2-3 рет қана ота жасайды. Бірінші жиналған қандарды денеге тарқатып, тамырды қалпына келтіретіндігін айтты. Оны тек Корея елінде техниканың күшімен ғана жасайды екен. Дәрігерлер біздің медицинада техниканың күші жетпегендіктен, Кореяға жіберетіндігін айтып, "бұл диагноз Қазақстанда емделмейді" деген қағаз жазып берді.

–Арнайы орындарға хабарласып көрдіңіз бе? Яғни, квота жайлы, елімізден арнайы жеңілдіктер арқылы ем алуға?

–Денсаулық сақтау министрлігіне осы уақытқа дейін жасалған барлық құжаттарды тапсырып өткізгенімізбен, әлі хабар жоқ. Еш нәтиже  болмағаннан кейін халықтан көмек сұрауға тура келді. Қазақ радиосы "Мың алғыс" акциясы бойынша ақпан айында 400 адамға арналған  концерт өткізіп берді.

–Кореяда ота жасату үшін шамамен 19 миллион теңге қажет екен. Әлі қанша қаражат жетіспейді?

–Әлі жарты сомасынан көп қаражат керек. Себебі, қазіргі жиналғаны қажет қаржының жартысына да жетпейді. Жалпы жиналған қаражат 5 жарым миллион теңге шамасында ғана.

–Қазіргі уақытта қандай ем қабылдап жатырсыз, қай ауруханада қаралып жүрсіз?

–Қазір ешқайда қаралып жатқан жоқпын. Жасайтын ем қалмады, тек белгілі бір жақпа майларды ғана қолдануыма тура келіп тұр. Ең алаңдайтыным, егер тері жұқаратын болса немесе ине тиіп кететін болса, онда жағдай мүлде қиындап кетуі мүмкін.

 Болат Тұңғатарұлы Диясқа қол ұшын берем деген жандарға:

ИИН 950228301382

SBERBANK 5427620002649183

KASPI GOLD 5169493124475941

Диас Болат Тұңғатарұлы

 +77052691570 немесе  +77073642874 

 

 

Фариза Жомартқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір