• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Шілде, 16:01:13
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

02 Сәуір, 2019 Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақтың тілі – қазақтың жаны!

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатындағы жұмыстардың жалғасын табатынын айтты.

Мемлекет басшысы Тоқаев Егемен Қазақстан және Айқын газеттеріне сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш сұхбатта президент қазақ тілінің қазіргі хал-ахуалы туралы өз пікірін білдірген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатындағы жұмыстардың жалғасын табатынын айтты. 

"Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байла­ныс­тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдір­шіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет", - дейді мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ президент латын графикасына көшу жұмыстары да кезең-кезеңімен жалғасын табатынын және қоғамдық пікірге баса назар аударылатынын атап өтті. 

"Кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес. Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр. Көрші мемлекеттердің көп­шілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 па­йызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – рухани жаңғы­рудың ең шешуші кезеңдерінің бірі. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам. Осыған орай, Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы жарлығы шықты. Елімізде қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиін пайдалана бастаған құ­рылымдар бар. «Егемен Қазақ­стан» газетінің де бір беті осы әліп­бимен жарық көріп жатыр ғой. Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану бары­сын­дағы артықшылықтар мен олқы­лықтар ескеріледі", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

6 пікір

Аскарова 02 Сәуір, 2019

Тәуелсіз елдің тілі бар, сол тілдің қадір-қысиетін барлық азамат жете түсінсе жақсы болар еді.

Бота 02 Сәуір, 2019

Елбасының сөзінің жаны бар, тіліміз біздің байлығымыз.

Гость 02 Сәуір, 2019

Тіл жоғалса ұлт жоғалады сондықтан, тілді құрметтейік

Маке 02 Сәуір, 2019

Хорошие кадры для новой страницы инстаграма))))

Оңғар 02 Сәуір, 2019

Тіл бар жерде - Қазақ бар. Президент дұрыс айтып отыр