• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 00:09:53
Алматы

04 Сәуір, 2019 Саясат

Тоқаев пен Путин мәлімдемесі: Ортақ тарихымыз қайта жазылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Мәскеуге ресми сапарлап барып, Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен.

Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Кремльде кездесудің қорытындысы бойынша ортақ мәлімдеме жасады.

Бірлескен мәлімдемеде екі ел бір-біріне күш қолданбауға, ішкі істеріне араласпауға, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, экономикалық және гуманитарлық қатынастарды кеңейтуге уағдаласқан.

Мәлімдемеде "Тараптар "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының шеңберіндегі, соның ішінде "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін салудың бірлескен жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастығын жалғастырады" делінген.

Бұған қоса "Қазақстан мен Ресей біздің одақтастық қатынастарымыздың, ең маңызды негізі болып табылатын ортақ тарихымызды, ең алдымен, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау, қайта жазу және "қаралау" әрекеттерін қош көрмейтіні" айтылған.

Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Мәскеуге ресми сапарлап барып, Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Бұл - Тоқаевтың президент ретінде шетелге жасаған алғашқы сапары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір