• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
26 Тамыз, 08:30:51
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

04 Сәуір, 2019 Саясат

"Ақ жол" кәсіпкерлердің құқығын қорғап, Жоғары сот төрағасына өтініш білдірді

Қиялдағы әсем сарайлар ғана аспанда ілулі бола алады, ал индустрияландыру үшін салынған ғимараттар жер бетінде берік тұру керек.

«Ақ жол» парламенттік фракциясы Үкіметке инвестициялық жобаларды құру кезінде ешбір негізсіз жерді тартып алудан бизнесті қорғауды және мұндай жер учаскелерін игерудің нақты критерийлерін бекітуді ұсынды. Бұл туралы Мәжілістің кешегі өткен отырысында Азат Перуашев мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Инвестициялық тартымдылыққа және бизнестің қауіпсіздігіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі - жобаны іске асыруға бөлінген жер телімдерін қайтарып алу мәселелерінде мемлекеттік саясаттың ашықтығы мен негізділігі. Бірде-бір инвестициялық жобаны тиісті ғимараттар мен құрылыстарды салусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Қиялдағы әсем сарайлар ғана аспанда ілулі бола алады, ал индустрияландыру үшін салынған ғимараттар жер бетінде берік тұру керек», - деп айтылған үкіметтің атына жолданған депутаттық сауалда.

Кәсіпкерлер шенеуніктердің дау тудыратын және кейде бопсалауға дейін баратын негізсіз шешімдеріне талап-арыздарын білдіріп, шағым түсіруде. Алайда, мұндай мәселе туындағанда соттар әдеттегідей кәсіпкерлердің барлық қажетті рәсімдерден өтіп, жобаны әзірлеп, сараптауға жұмсаған уақыты мен қаражатына қарамастан мемлекеттік органдардың талаптарын қолдайды.

Бұл орайда, Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясының бұдан бұрын да Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың атына өтінішпен жүгініп, мемлекеттің экономикалық дамуы мен кәсіпкерлердің заңды құқығын қорғау мүддесіне негізделген амал-тәсілдерді әзірлеуін сұрағанын жеткізді. Осы мақсатта Жоғарғы сотта арнайы жұмыс тобы құрылып, аталмыш саланы реттеудегі елеулі олқылықтарды анықтаған болатын.

Сонымен, Жер кодексінде егер учаске игерілмеген болса немесе тиісті мақсатта пайдаланылмаса жер телімін мәжбүрлі түрде алып қоюды көздейді. Алайда, игеруге қойылатын критерийлердің анықталмаған. Бұл шенеуніктерге жер учаскелерін өз қалауы бойынша тартып алуға мүмкіндік беріп, оны кәсіпкерлерге қарсы теріс пайдалануға жағдай жасап отыр.

Депутат бүгінде шағын және орта бизнес жер телімдерін игеру кезінде кедергілерге жиі тап болатынын мәлімдеді. Мәселен, инженерлік тораптың болмауы, мемлекеттік органдардың рұқсаттама құжаттамаларын кешіктіруі. Ал, онсыз жобалық сараптаманың қорытындысын алу және құрылысқа кірісу мүмкін емес.

Әріден соң, шағын және орта бизнес үшін коммуникацияларды өз есебінен жүргізу – оны шығынға ұшыратады. Ал, шенеуніктердің қарама-қарсы әрекеттерін форс-мажорға теңеуге болады. Өйткені, бұл, шын мәнінде, кәсіпкерлер үшін бейне бір «бой бермейтін күшке» айналды.

Оған дәлел боларлық мысалдар жетіп артылады. Мемлекеттік органдар бірде бас жоспарды, бірде құрылысты тұрғызатын ауданның егжей-тегжейлі жоспарлауына өзгерістер енгізіп, тіпті коммуникация жүргізудің мерзімін кейінге шегереді. Осы уақыт аралығында кәсіпкерге берілген жерді игеру мерзімі де аяқталады. Әзірленіп, төлемі жасалған құжаттарға қарамастан соттар жер учаскесін тартып алады. Осылайша, инвестициялық жаңа бастамалардың болашағына балта шабады.

«Экономиканың драйвері дәл осы шағын және орта бизнес емес пе еді?! Жаңа технологияларды енгізетін де, азаматтарды жаппай жұмыспен қамтуға жол ашатын сектор да осы еді. Дегенмен, шенеуніктер заңды сылтау етіп жанданып келе жатқан бизнестен жерді тартып алып, кәсіпкерлік бастаманың дамуына тосқауыл қояды. «Ақ жол» партиясының поштасына келіп түскен мұндай мысалдар жетерлік », - деп атап өтті Азат Перуашев.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы құрылыс маусымының басталуын ескере отырып, Үкіметке жер телімдерін игерудің бірыңғай критерийлерін әзірлеуді, сондай-ақ инженерлік желілерді қосу және басқа да объективті жағдайларды ескере отырып, шағын және орта бизнес үшін жер учаскелерін игеру мерзімін есептеп шығаруды ұсынды.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны іске асыру және бизнес мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

 Ұсынған: Гүлім Жақан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір