• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:01:56
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Полигоннан зардап шеккен жігітке қайыр тілеткендерің қалай?"

Бүгін мен осы жігітті орталық базарға өтетін Қабанбай көшесіндегі жер асты жолындағы баспалдақта қаптаған қайыршылардың арасында қайыр тілеп отырғанын көрдім.

Семей полигонынан зардап шеккен мына Азаматты жарты əлем біледі. Жапонияның, Италияның дəрігерлері емдеген. Еш көмегі болмаған.

Бүгін мен осы жігіттің орталық базарға өтетін Қабанбай көшесіндегі жер асты жолындағы баспалдақта қаптаған қайыршылардың арасында қайыр тілеп отырғанын көрдім.
— Қалың қалай бауырым? Бұл не отырыс? - дедім амандасып.
— Аға сіз кімсіз? - деді.
— Мен Аймұханбет деген ағаңмын. Сені жақсы білемін - дедім.
— Аға мен осындай жағдайға түстім! Анам қайтыс болған. Қазір менің күнім осы. Ешкімге керек емеспін - деді ол мұңайып.
Мен анасына көңіл айтып, садақамды беріп:
— Налыма баурым! Бəрі жақсы болады - дедім, жасқа булығып, даусым дірілдеп.

Азамат

Сол жерден кеткен соң өзіме-өзім біраз келе алмадым. Туа сала тағдырдың тəлкегіне түскен мына бейкүнə бейбаққа "қолымның қысқалығынан" көмек бере алмайтыныма налыдым.
Айналайын əкімдер-ау, басқа-басқа, мына полигоннан зардап шеккендерге тірі ескерткіш - мына жігіттке қайыр тілеткендерің қалай? 

Бір келі рудасы жоқ, бір литр мұнайы жоқ Жапония үкіметі атомнан зардап шеккендерін қалай қамқорлыққа алғанын білесіңдер ме?

Шығыс өңірінің əкімі болып, полигоннан зардап шеккендерді көзімен көрген қазіргі министр Б.Сапарбаев көз қырын салар. Семей қаласының əкімі де қалыс қалмас!

Жетім-жесірлерге, мұқтаж жандарға əр қашанда қамқор болып жүретін Семейдің атымтай-жомарты Марат Құрманбаев бауырым бастаған қалталы азаматтар мұны көрсе, бір көмегін берер деп сенемін! 
Осыны көрген Елбасы мен ҚР президенті Қ.Тоқаев ресейге Атом станциясын салғызбас бұрын "ақылына" келер деп сенемін! Жетім көрсең - жебей жүр деген, дархан қазақтың ұрпағы емеспіз бе?!

Аймұханбет Бейсембековтің фейсбук парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір