• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:20:51
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2019 Әлем

Бүкіл адамның есімін 6-ақ адам таңдайтын бір ел бар әлемде...

Әлемде бір ел бар, есім қоярда сәбидің өмірі емес, мемлекеттің болашағы басты межеге алынатын...

Сәбиге есім қою – ең маңызды қадам. Кез-келген ата-ана дүниеге келген сәбиіне әдемі, мағыналы есім қоюға тырысады, ең бастысы көркем болуын қадағалайды. Себебі, адамның есімі оның тағдырына тікелей байланысты деп түйсінеді. Ал әлемде бір ел бар, есім қоярда сәбидің өмірі емес, мемлекеттің болашағы басты межеге алынатын... 350 мыңға жуық тұрғыны бар ол мемлекетте дүниеге келген барлық сәбидің есімін Комитет қояды. Ол қалай?

Есімі 6 адамның қолында

Комитет десек, көз алдымызға ақ көйлек, қара шалбардағы, қолына папка ұстаған, бір есіктен бір есікке жүгіріп жүрген жүздеген, мыңдаған адам елестейді. Иә, мұндай комитет біздің қазаққа тән. Тек планетаның бір бұрышындағы Исландияға емес...

Біле білсеңіздер, Исландия комитеті небәрі 6 адамнан тұрады. Оның үшеуі 4 жылға әділет министрлігіне тағайындалады, тағы үшеуі елдегі жоғарғы оқу орындары, білім мәселесімен айналысады. Елдің бүкіл тағдыры осы 6 адамның қолында. Адамдардың есімі, тегі, әкесінің аты... Әлі «құдіретті алтау» сәбидің есімін мақұлдамайынша, ата-анасы үшін «айым, күнім» болып жүре береді.

Неге?

Өз сәбиінің есімін өз ата-анасы қоюы керек қой? Мұндай заң кімге, неге керек? Исландия шет елден қарыз алу мәселесімен күресуде әрі тілдің жойылып кетуінен сақтануда. Тарихқа үңілсек, Исландия 1918 жылы тәуелсіз ел атанды, алайда Данияға тәуелділіктен арыла алған жоқ.

Егемендікке толық қол жеткізу үшін 1960 жылдардан бастап Исландия университеттері шетелдік университеттерді жоюға кірісті, исландиялық есімдер тізімі пайда болды. 1991 жылы елде Жеке есімдер Комитеті ашылды. Комитетке сай, адам есімдерінен Исландия дәстүрінің иісі мүңкіп тұруы тиіс, ең алдымен тілі исландиялық болуды талап етеді. Есімнің айтылуы, дыбысталуы, грамматикасы да жіті қаралады.

Йоханнес Бьярни Сигтриггссон

Бұл Исландиядағы грамматика докторы, жазушының есімі. Ең бастысы, жазушы өз есімімен мақтанады. Әуезді, әдемі, бастысы Исландия грамматикасына сай есім екен. Балаларының да есімі ерекше талғаммен қойылған: қызы – Жора, ұлдары – Гудмундур, Сигтриггур және Эйстейн.

Исландия халқы Комитетке талғамы жоғары адамдардың тағайындалғанын талап етеді. Әрине, әр адам өз есімінің әдемі болғанын қалайды ғой.

Жыл сайын тізім өсіп келеді

2012 жылы Комитет тізімінде 3500 есім болған, 2018-де 3600-ге толықты. Ең бастысы ел мәдениетінен, дәстүрінен ауытқып кетпеуді алға тартады. Себебі, «ел тағдыры – адам есімінен басталады» деп ойлайды билік.  

Дайындаған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір