• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 05:25:43
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

06 Сәуір, 2019

Оралдық оқушы шетелдік 11 оқу орнының грантын жеңіп алды

Мен таңдаған Пенсильвания штатындағы Drexel университетінің бір артықшылығы – 1-курстан бастап компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

 Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12С сыныбында оқитын Алина Молдағалиева – «Алтын белгіден» үміткер үздік оқушы. Білімпаз өрен қазірдің өзінде АҚШ пен Гонконгтің 11 жоғары оқу орнынан шақырту алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Алинаның таңдауы АҚШ-тың Пенсильвания штаты Филадельфия қаласындағы Drexel University білім ордасына түсіп тұр. Ол мұнда Chemical Engineering (химиялық инжеинерия) мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алып шықпақ. Білімді бойжеткен бұл мүмкіндікке АҚШ президентінің грантын және Drexel білім грантын ұтып алып қол жеткізген.

Алина Молдағалиева бұдан бөлек Мәскеу физика-техника институтында өткен халықаралық химия олимпиадасының жүлдегері, БҰҰ моделі мектеп конференциясының Best Speech Certificate (Үздік сөз) сертификат иегері, FLEX лидер алмасу бағдарламасының финалисі, АҚШ-тың Johns Hopkins University оқу орнында өткен CTY қатысушысы, шаңғы жарысынан қала чемпионы, спорттық-балдық би бойынша облыс жеңімпазы атанған, сан қарлы талант иесі. Әлеуметтік ортадағы қозғалыстарға да белсене араласатын Алина Ironman 70.3 Astana және Global Conference on Primary Health Care секілді ірі халықаралық шараларға волонтер болып қатысқан.

Зияткерлік мектептің маған берген мүмкіндігіне зор жауапкершілікпен қараймын. Мен иеленген 11 оқу грантының алтауы толық грант болса, қалған университеттер оқуға жеңілдік ұсынды. Мен таңдаған Пенсильвания штатындағы Drexel университетінің бір артықшылығы – 1-курстан бастап компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Келешекте Отаныма келіп, химиялық инженерия саласын дамытқым келеді, - дейді Алина.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір