• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 14:45:36
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

07 Сәуір, 2019 Саясат

Сауалнама нәтижесі келесі президент Тоқаев болатынын көрсетті

Ал бұған қазақстандықтардың көзқарасы қандай?

Негізі жұртшылықтың көзқарасын білу үшін халық арасында сауалнама жиі жүргізіліп тұрады. Бұл керек нәрсе. Ал осыдан бірнеше апта бұрын Астана қаласының атауы өзгергенінен жұртшылық хабардар. Ал бұған қазақстандықтардың көзқарасы қандай? Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтардың басым көпшілігі астана атауының өзгергенін жағымды түрде бағалайды. Сұралғандардың 42 пайызы бұл Елбасының атын есте қалдыру мақсатында жасалған дұрыс қадам деп отыр.

Айта кетер бір жайт, жұртшылықтың көзқарасын білу үшін (http://demos.kz/rus/index.php?poll=76) жүргізілген сауалнамаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облыс орталығынан 1813 адам қатысқан. Сауалнама 29 және 30 наурыз аралығында жүргізілген.

Зерттеу нәтижесіне сенсек, қазақстандықтардың басым көпшілігі, яғни 87 пайызы Елбасының жұмысын жағымды түрде бағалап отыр. Сауалға жауап берген респонденттердің 44 пайызы оның өз еркімен президенттік лауазымнан кетуін  уақытында және абыройлы жасалған қадам деп санайды.

Жалпы алғанда, Назарбаевтың билікті беру процесін қазақстандықтар оң бағалайды: респонденттердің 44 пайызы Назарбаевтың биліктен кету туралы шешімін мақұлдайды, 23 пайызы абыржыған күй танытқан, 16 пайызы билік транзитіне бейтараптығын білдірген және олар Елбасының мемлекет басшысы ретінде қала беретінін қолдаған. Сауалға жауап бергендердің 12 пайызы соңғы күнге дейін ол билікте қалуы керек деп санайды.

Жалпы сауалнама барысында Назарбаевтың президент ретіндегі жұмысын әсіресе аға ұрпақ өкілдері жоғары бағалаған: 60 жастан асқан азаматтардың 90 пайызы оның қызметін жағымды деп есептейді. Ал 30-39 аралығындағы жастардың 82 пайызы Елбасының қызметіне оң баға берген.

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 50 пайызы  Қазақстанда бейбітшілік орнатуда Назарбаевтың еңбегі ерен болды деген пікірде.  Олар еліміздегі этникаралық татулықты нығайту мен  Қазақстанда тұрақтылықты сақтауда Тұңғыш президенттің үлесі орасан зор екенін айтады.

Ал жақында ғана Президенттік лауазымына кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев туралы жұртшылықтың пікірі қандай? Сауалнама барысы көрсеткендей,  сұралғандардың 40 пайызы президенттікке үміткерлердің ішінде мемлекет басшысына ең лайықты кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев деп санайды.

Ал президенттік лауазымға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында қандай міндеттер тұр? Сауалнамаға жауап бергендердің 43 пайызы бірінші уақытта Назарбаев алға қойған мақсаттарды, атап айтқанда әлеуметтік мемлекеттік бағдарламаларды орындау керектігін алға тартады. Респонденттердің 20 пайызы әлеуметтік бағдарламаларды әлі де болса жалғастыру керек деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 24 пайызы жемқорлықпен күрес екінші мәселе болуы керек деп есептейді. Ал 12 пайызы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесімен айналысқан жөн деген пікірде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір