• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:58:29
Алматы
+35°

08 Сәуір, 2019 Дін

АҚШ-тың зейнеткер сержанты Ричард "Мак" Маккини Индиана штатындағы Манси ислам орталығының президенті болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда ол ислам дінін насихаттауға бар күшін салып жүр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі azan.ru сайтының дерегін негізге алып.  

Алайда осыдан 8 жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша болды. Сол жылдары Маккини ислам дінін жек көргені соншалық, мешітті жарып  жібергісі келген. 

"Көптеген адамдарға 8 жыл бұрынғы оқиғаны айтсам сенбейді. Сол жылдары ислам дініне деген жеккөрініш сезімі күннен күнге ұлғая түсті. Алайда жеккөрініш сезімі арқылы мен ислам дініне келдім. Себебі сол арқылы менің исламға деген қызығушылығым артты", - дейді 49 жастағы Маккани. 

Көптеген жылдар бойы Маккани Таяу Шығыстағы қызмет етті. Алайда арнайы операцияларға қатыспады. 

"Сол кездері мен ешкімге айтқым келмейтін нәрселерді көрдім. Оған дейін менде исламға деген жеккөрініш сезімі болмаған еді. Бірақ көптеген жайттарға куә болған соң мен исламның хас жауына айналдым. Таяу Шығыстағы көрген оқиғалар осыған себеп болды", - дейді зейнеткер сержант. 

Араға біраз уақыт салып ол өз еліне оралады. Сол кезде Маккани мешітті жаруға жоспар құрады. Тіпті,  теракті жасағаны үшін түрмеге отыруы мүмкін екенін де білген. Алайда бұл оны тоқтата алмады. Тіпті өлім жазасы да бұл жоспарына кедергі болмаған. Макканидің бұл жоспары туралы оның әйелі біліп қойып, күйеуі үшін қатты қорқады. Кейіннен ФБР біліп қояды. Макканиді тергеуге алғанымен, нақты дәлелді таба алмағандықтан, оны босатқан. 

Ричард Маккани

Кейін ол көкейінде жүрген бірнеше сұрақтардың жауабын алу үшін мешітке барады. Мешіттегі мұсылмандар оны жақсы қарсы алып, жылы қабылдайды. Алғашқы уақытта Маккани қатты қобалжиды. Бір топ мұсылмандармен бір бөлмеде отыру ол үшін қиынға соққан. Бірақ Макканиге мұсылмандармен әңгімелесу қатты ұнай бастайды. Тіпті мешітте сағаттап отыруды әдетке айналдырыпты. Араға көп уақыт салмай мұсылмандықты қабылдауға шешім қабылдайды. 

Бірнеше уақыттан кейін Маккани жергілікті Мұсылман студенттер ассоциациясының президенті болып тағайындалды. Ал 2014 жылы оны Ислам орталығының президенті болды. 

Ал қазір Ричард Маккини Умар Саид есімімен танымал. Оның Ислам орталығындағы президенттік өкілеттілігі биыл аяқталғанымен, исламға қызмет етуді жалғастырады. Ал оның таңғажайып оқиғасы мұсылмандарға да, басқа мұсылман емес адамдарға да шабыт сыйлайтыны анық. 

Аударған: Әсел Болатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір