• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

09 Сәуір, 2019 NEWS

Бердібек Сапарбаевтың ұлы туған күнінде әкім орынбасары атанды

Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне келді

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Елорда ауданы әкімдігінің сайтында жазылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Жансұлтан Бердікбекұлы Сапарбаев 1991 жылдың 8 сәуірінде дүниеге  келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірді, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі бар.

2012-2014 жылдары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де әртүрлі лауазымдарды иеленген.

2015 жылы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі – хатшылық басшысы болып тағайындалды.

2016 жылы "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқарушы директоры болған.

Мемлекеттік қызметтегі мансабын 2016 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болып бастады.

2017 жылы Ұлттық экономика министрлігі өңірлерді сараптау және бағалау департаменті өңіраралық ынтымақтастық басқармасының басшысы болған.

2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратын басқарды.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір