• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 16:49:08
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

09 Сәуір, 2019 Әдебиет

Әлемдегі ең қысқа әңгіме үш сөзден тұратынын білесіз бе?

«Бұрын менің бетім тегіс, ал белдемшем қыртыс-қыртыс болған, қазір бәрі – керісінше».

Адамзат тарихында қаншама кітаптар жазылып, оның қаншасы өз еңбегін ақтай алды екен. Жазылып, жарық көруіне он шақты жыл кеткен шығармалар, әңгімелер де қаншама. Кейбір шығармалар том-том болып, оқиға желісімен бірнеше кітап жазылып, қаншама данамен шықты десеңші.

Ал, Сіз тек бір сөйлемнен, тіпті бір-екі сөзден ғана тұратын әңгімелер де бар екенін білесіз бе? Ендеше, назарларыңызға авторлары белгілі-белгісіз әлемдегі ең қысқа шығармаларды ұсынамын.

Бұл шығармалардың барлығы «ең қысқа» болғандықтан, түсінуге қиындық тудыруы мүмкін. Әлбетте, түпкі мағынасы астарында жатқаны анық. 

Әйгілі Хемингуэй “Кез келген адамның жүрегіне жететін әңгіме жазамын және ол 6 сөзден ғана тұратын болады”,- деп сөз берген екен. Жазушы айтқанында тұрды, мағынасы терең туынды жазды. Ағылшыншасы «For sale: baby shoes, never used». Қазақша мағынасы: «Баланың аяқ киімі сатылады. Киілмеген».

***

Дүниедегі ең қысқа әңгіме:
(Бұл әңгіме Англияның «Бүгіннің айнасы» газеті өткізген «Үш сөздік әңгіме» байқауында жүлде алған).
Ағылшын тілінде: God is diyng.
Мағынасы: Құдай өлейін деді.
***
Дүниедегі ең қысқа өтірік әңгіме:
Көшеде кетіп бара жатқан қасқыр қарны қатты ашқан соң өзін жеп қойыпты.
***
Дүниедегі ең қысқа философиялық әңгіме;
Ол өлді, кезінде өмір сүргені хақ

***
Әлемдегі ең қысқа қорқынышты әңгіме:
Шошып оянған ол жанында өзінің мүрдесі жатқанын көрді
***
Ғаламдағы ең қысқа мысал әңгіме:
Құмырысқа зорығып өлді, құмырсқа патшасы (аналық құмырысқа) әлі семіз.
***
Дүниедегі ең қысқа шабыт беретін әңгіме:
Әлгі аяғы шіріген ит ақырында Америка президенті болды.

***

Ең қысқа ықпалды махаббат хикаясы: Тақырыбы: «Күн сайын мені арбап, бала тауып, оның үйленуіне дейін борышты боп өзіңнің ана кәрі шешең сияқты әйелге айналдырамын деме!» Шығарманың толық мәтіні: Шарт!.. (шапалақ дауысы)

* * *

Фредерик Браунның  ең қысқа қорқынышты әңгімесі де оқырман есінде бар.  «Жер бетіндегі ең соңғы адам бөлмеде отырған. Есік қағылды…»

* * *

Америкалық жазушы О. Генридің мына әңгімесі қаншалықты қысқа болса да, көлемді шығармалар сияқты кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы бар. «Аузына темекі қыстырған жүргізуші жанармайын тексеру үшін жанармай багіне үңілді. Марқұм жиырма жаста еді».

* * *

Ең қысқа биографиялық әңгіме жазу байқауында жеңіске жеткен француз әйелі былай деп жазған екен: «Бұрын менің бетім тегіс, ал белдемшем қыртыс-қыртыс болған, қазір бәрі – керісінше».

* * *

«Қажет емес! Мен өзім!».  Бұл оқығаныңыз әлемдегі ең қысқа роман. Оны жазған Владимир Блинов. Роман “Нобельдік Бука” сыйлығын жеңіп алған.

* * *

Спарталықтардың Македония ханы Филипп екіншінің хатына жазған жауабы да тарихтағы ең қысқа жазбаларға жатады. Хат алмасу төмендегідей болған:

«Тез арада берілуге кеңес беремін. Себебі, егер менің әскерім сендердің жерлеріңе кіретін болса, мен сендердің бақтарыңды құртып, адамдарыңды құл етемін, қаланы жоямын».

Спарталықтар жауабы: «Егер».

* * *

Виктор Гюго өзінің “Аластатылғандар” романын баспаға жіберерде жанына  «?» жазылған хатты қосып жіберген. Баспаның жауабы «!» болған екен. Сыншылардың пікірінше автор сұрақ белгісін жіберу арқылы туындысына баға беруді сұраған екен. Баспа сәйкесінше леп белгісімен “Керемет” деген баға берген.

* * *

Валерий Брюсовтың 1895 жылы жазылған моноөлеңі де назардан тыс қалмады.

«Боп-боз аяқтарыңды жапшы» (“О закрой свои бледные ноги”).

Жинақтап, ұсынған: Мақпал Сембай

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір