• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Шілде, 02:21:08
Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

09 Сәуір, 2019 NEWS

"Ләйлә ханым, сол пәктікті сатып алатын ағаларды неге көрсетпейсіз?"

"Бұтпен айналысып жүрген азаматшаларға қайраткер деген атақ беріліп жатса, көшедегі жезөкшелікпен айналысып жүрген қыздарға көше қайраткерлері атағын берейік!"

"Жетінші арнадағы" Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "Өз ойым" ток-шоуының бір тақырыбы "Қыздық перде қызықтыра ма?" -  деген мәселеге арналған болатын. Ток-шоу қыздың "өз қыздығымды сатамын" —  деген жазбасына байланысты болған еді. Бұл жағдай көптің ашуына тиіп, көпшілік аталған бағдарламаның жабылуын талап етуде деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Орынбек, заңгер: Ел болам десең, Ләйләңді түзе!

Ұлтымыздың Құрметті Қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы, қазақ қыздарының пәктігін қалай сатып жатқандығын ашық көрсетіпті. Ләйлә ханым сол пәктікті сатып алатын, үлкен лауазымда отыратын шенеуніктерді де ашық көрсетсеңізші! Сұраныс жоғары болған соң, пәктік сатылымға шығып жатыр екен. Сол пәктікті сатып алатын ағаларды неге көрсетпейсіз? Әлде оларға шамаңыз жетпейді ме?! Жалпы ұлтты жою саясаты баяғыдан басталып кеткен! Ақпарат Министрі Абаев қайда қарап отыр?- деп жазып әуре болмай ақ қояйын. Бізде экран бетінде тек билікке ғана сөз айтпасаң болды, қалған бәріне рұқсат! Ұлтыңды сатасың ба? Пәкітігіңді сатасың ба? Тіпті тыржалаңаш шешініп, сүйісіп жатасың ба? Оларға бәрібір. "Ойбай, Масқара жазсаңызшы, айтсаңызшы"- деп жатқандарға айтарым. Министр Абаевқа "Қалаулым " бағдарламасы жайлы тікелей айттым да,жаздым да! Не өзгерді? Өзгерген түкте жоқ! Олардың халыққа қол қойғаны бар. Халықты осындай арзан шоулармен топастандыру !

Қатты айтсам кешіріңіздер! Баспен емес, бұтпен жүретіндердің заманы бұл! Бұтпен жүретіндердің әңгімесі, сол бұттың айналасынан шықпайды! Бұтпен айналысып жүрген азаматшаларға қайраткер деген атақ беріліп жатса, көшедегі жезөкшелікпен айналысып жүрген қыздарға көше қайраткерлері атағын берейік! "Өз ойым"- деп лаға бермей ұлттың идеологиясына көңіл бөлетін уақыт жетті! Қасым-Жомарт Тоқаев мырза бірінші экран бетін тазалауды сұраймын!

Дана Нұржігіт, журналист: Мына пәктікті көріп отырып,тазалықтың құнын түсірген көрініске ойым орала берді.  Мен "пәктігімді саудаға саламын" деген тақырыпта бағдарлама жасап, кейіпкерге ақша төлеп,"хабар жасадым" десем, Құдай қарттық беріп жатса,болашақта баламның бетіне қарай алмас едім.  Нәжісті лоқсымай,жымиып қойып,езіп отырып, абыройды рейтингтен төмен қою үшін ет өліп кету керек.

Арман Сқабылұлы: Көпшіліктің, көрерменнің, әріптестердің пікіріне пысқырмайтыныңды білемін, Ләйлә Сұлтанқызы! Бірақ, Қазақстан Республикасы БАҚ туралы заңының 13 бабына сәйкес «...телерадиобағдарламаларда порнографиялық және арнайы сексуалды-эротикалық тақырыпты» насихаттағаныңыз үшін бағдарламаңыз жабылып, құрылтайшыларыңыз жауапқа тартылатынын неге білмейсіз? Ал, Қылмыстық Кодекстің 309 бабына сәйкес «жеңгетайлық» жасағаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырады. Сіз шынымен керемет журналист болсаңыз эфирде сол сексуалды-эротикалық тақырыпты қозғап, абыройын сататын қызды жарнамалаған кезде осыны ойлауыңыз керек еді. Бұл мәселеге Ақпарат және Қоғамдық келісім министрлігі жауап береді деп үміттенемін.

Нұрболхан Шарапов: Ұлттық идеологияны құртатын осындай бағдарламаларды эфирден алу керек. Қанша дегенмен демократия болса да, біз қазақпыз, намысын таптатпаған ұлы елдің ұрпағымыз. Қазақ халқы әу бастан қызға қырық үйден тиым деген. Қыз елдің айнасы деп ерекше көңіл бөлген. Қыздың абыройы қашанда жоғары тұрған. Сондықтан біз абыройын сататын адамдарды емес, абыройын қорғайтын адамдарды тәрбиелеу керекпіз. Бәлкім сіз бұл бағдарламаны білмейтінде шығарсыз. Білмесеңіз сізге көруге кеңес беремін. Абыройын сату деген не сұмдық? Соны жариялау кімге керек? Ертең осыны көрген қаншама жасөспірім мынау жақсы дүние екен деп сондай қадамға баруы бек мүмкін ғой. Өзіңіз айтыңызшы қоғамның дамуы үшін осы бізге керек па? Бұған бөлген ақшаға тәрбиелік мәні бар бағдарлама түсірсе сол пайдалы емес па еді? Өз ойым деп ойына келгенін жасап, аузына келгенін айта берсе бұдан ұлтқа не пайда?

"Арыңды сатқанша базарда балық сатғ писте сат. Ниетің таза болса, нағыз жолдасың болады. Сен айтып отқан 2 миллион болсын миллиард болсын арыннан кымбат емес. Бетти ашып булай болмайды, айтарға сөз жоқ" - дейді әлеуметтік желі қолданушысы.

Тағы бір әлеуметтік желі қолданушысы: Неге осы бағдарлама тек осы типті әңгімелерді қозғайды?Жыныстық қатынас, Шырын,Қыздық, шөп салу ,тағысын тағы .Осының айналасындағы әңгімелер - дейді.

Қоғамның айтар ойы осы. Өрімдей қыздың қыздығын сатып, пайда таппақ болғаны бір бөлек, оны жарнамалап отырған "Өз ойым" бағдарламасына халықтың өкпесі қара қазандай. Бұл мәселенің соңы немен аяталар екен, "Өз ойым" жабылады ма? Күтейік.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

2 пікір

Автор 16 Сәуір, 2019

Осындай оттаған , еріккен Ләйля сияқты әйелдер, тележүргізушілер көбейіп кетті ғой қазір.Өзі отбасы болып теледидар көру мүмкін болмай кетті . Қалаулым дегені қазақ жастарын масқаралау, көру былай тұрсын ,естудің өзі ұят.

Гульбарам 19 Сәуір, 2019

Халық айтса, қалт айтпайды, жабу керек!