• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:20:06
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2019 Ғылым-білім

Ақылды адамдардың бәрі бірдей неліктен жетістікке жете бермейді?

Жақсы оқып, тек алдыңғы қатарда жүру – адамның дамуына кедергі болатын кереғар қасиет.

Заманауи қазақтар арасында оқушыларға көп айтылатын «Үш бар жерде, күш бар» деген сөз бар. Мұны жұбату үшін айтады деп бей-жай қарайтынбыз. Ал қазіргі уақытта шетелдік сарапшылар статистикалық шеңбер түзіп, нашар оқыған адамдардың көп жағдайда жетістікке жететінін дәлелдеп отыр.

Әрине, білімсіз болғанның несі жақсы?! Білім мен ұмтылыс, талап пен ізденіс адамды адам етеді. Бірақ әлгі үшпен оқығандардың сәтті қадам жасап, сол арқылы үлкен жетістіктерге жетуінің себебі неде?

Біздіңше, ол былай. Сабақты нашар оқыған адам қоршаған ортадан, айналасындағы адамдардан мақтау мен марапатты сирек естиді. Сондықтан, олардың өз-өздеріне көңілдері толмай, әрдайым ізденісте жүреді. Бұл  жетістікке жетудің алғашқы құпиясы. Ал жақсы оқып, ылғи алдыңғы қатарда жүретіндер айналасындағылардан көп марапат естіп, өз-өздеріне разы болады. Бұл – адамның дамуына кедергі болатын кереғар қасиет.

Біз осы тақырыпты қаузар алдында бірнеше мысалдар келтіруді жөн көрдік. Ендеше әрі қарай парақтаңыз.

Марк өз сыныбындағы үлгілі әрі білімді оқушылардың көшін бастап тұратын. Оның мансабы да жаман болды деуге келмейді. Дегенмен, ол әлеуметтік желілердегі парақшасынан өзінен төмен оқыған сыныптастарын көрген кезде, өзінен де үлкен жетістіктерге жеткенін байқады. Бұл Марктың өз-өзіне «Мен нені дұрыс жасамадым?» деген сұрақты қоюына еріксіз түрткі болды. Таныс дүние ме?

Адам интеллекті, әрине, үлкен рөл ойнайтын құндылықтар қатарында. Дегенмен, тек интеллект жоғарылығы жеткіліксіз. Адам өмірге, еңбекке, ортамен, адаммен қарым-қатынас жасауға мүдделі һәм қабілетті болуы тиіс. Сана интеллекті жоғары адамдардың көп жағдайда жетістікке жете алмауының себебі мынау – олар әрқашан, кез-келген жағдайда өз-өздеріне кедергі жасайды.

Төменде осы тақырыпқа қатысты негізгі 5 мәселені тізіп бердік. Оқыңыз!

Ақылды адамдар ортамен байланысу қабілетін мойындамайды.

Интеллекті жоғары адамдар стандартты өмір сүруге әуес. Олар басқа қабілеттерін дамытуды ойламайды. Мысалы, хатшының әмбабап болуын талап ету, уақытында кездесуге бару, бір тілде ғана сөйлеу, тұрмыстық дәрежедегі байланысқа түсе алмау, өзін-өзі жоғары бағалау.

Барлық адамдарда жетістікке жетуге деген құлшыныс бірдей болады. Ал саналық ойлау дәрежесі жоғары адамдар өздерін даму шегіне жеттім деп есептейді. Бұл – алғашқы қателіктердің бірі.

Өте ақылды адамдар командалық жұмысқа зиянын тигізуі мүмкін.

Егер адам өз қызметіне және айналасындағы әріптестеріне жұмыс барысында қиын талаптар қоятын болса, оған командамен жұмыс жасау қиындық туғызуы мүмкін.

Мектеп кезінен қалыптасқан өзгелерге үстем көзқарасен қарау дағдысы адамның болашағына балта шабады. Өйткені, ол бұл қасиетінен арылуға күш салмайды және тырыспайды.

Өзгелер жасаған жұмысты «одан да мықты етіп орындар едім-ау» деген ойлар жоғарыда аталған адам типтерінің бәрінде кездеседі.

Ақылды адамдар өзінің жоғары интеллектін тек өзінің қоры ретінде бағалайды.

Ақыл – адамға берілген теңдессіз сый. Бұл құдіретті иеленген адамның бойында міндетті түрде қарапайымдылық, тұрақтылық сынды қасиеттер болуы тиіс. Ақылды адамдар өзінің сана интеллектін байлығы ретінде есептейді. Сондықтан, олар өзінен бай адамды кездестіргісі келмейді. Кездесірген жағдайда оны мойындамайды.

Бұл қасиет адамға ортамен жұмыс жасауына кедергі болмақ.

Ақылды адамдар кез-келген мәселені терең ойланып, орын алған нәрсені жеті рет өлшеп бір рет кесуге дағдыланған.

Қабілетті адамдар көп жағдайда кез-келген әселе туындаған уақытта шешімі болатындай бір бағытқа тәуекел етеді. Ал ақылды адамдар, керісінше, әрбір шешімін жүз ойланып, мың толғанып, дүбәрә сезімде қалып кетеді. Мәселе туындағанда тәуекел еткен жолдың көпшілігі дұрыс соқпақ екенін уақыт өте келе дәлелдеп береді.

Ақылды адамдар кез-келген нәрседен тез жалығады.

Ақылды болу деген барлығына бірдей қызығушылық таныту емес. Белгілі бір бағыттағы білімі арнасынан асып тұратын адамдарды да «ақылдылар» қатарына жатқызамыз. Дегенен, ақылы асқан адамға таңсық дүние бола бермейді. Олар кез-келген жаңалыққа таңырқай бермейді.

Өйткені, олар сол дүниенің бейнесін ойша болса да жасап қойған. Олар барлық дүниені қолжетімді деп ойлайды. Дегенмен, ғұмыр айнасындағы кереметтің барлығын игеру әсте мүмкін емес.

Бұл типтегі адамдарға өздерін жаңа қырынан дамытқан әлдеқайда абзалырақ болмақ.

Әділет Мәдениет

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір