• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:12:24
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2019 Тарих

Мәселе исламда емес, оны тәпсірлеушілерде...

Ұлттық болмысты имани деңгейге де көтеруге болады

Мәселе исламда емес, оны тәпсірлеушілерде болып тұр. Ұлттық болмысты имани деңгейге де көтеруге болады. Ол үшін жастардың генеологиялық жадын жаңғыртып, ұлттық жолымызды исламмен тәпсірлеу ләзім. Мұны жасай алмасақ, ұлтты қазіргі жаһандану жағдайында сақтапта қала алмаймыз. Дінде қаттылық бар екенін ұмытпау қажетпіз. Ол қаттылық ұлттық болмыста әр қазақтың санасында орын алса, болашақ қорқынышсыз жарқын болады деп сенем. Бұл жастардың рухын ғылымға итермелеуге де қатысты. Біз көбінесе еуропаның ғылым жүйесін басшылыққа алуға тырысамыз. Ал ол жүйенің қазақ философиясында да, ислам философиясында да бар екенін ұқпаймыз немесе мойындамаймыз. Бұл әр азаматтың ұлттық болмыс пен исламнан хабары жоғынан (шын мәнінде бар, бірақ санасы жаңғыртылмаған). Шын мәнінде, исламда ұлттық рухты имани деңгейге көтеретін де, адамның рухын ғылымға баулып, итермелейтінде орасан зор күш бар. Оның шешімі тәпсірде. Тәпсіршінің өзінің санасы төмен, білімі таяз, көкірек көзі ашылмаған болса, онда оның ойынан діни араздықты қоздыратын, радикалды, санасыз дүниелер шығады. Исламның сыртқы қалыптан гөрі ішкім мәнге түскенін түсінбей келеміз. Шәкәрімше айтқанда: "сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді". Қазақтың жаңғыруының түп негізі осында жатқан сияқты. Ішкі күш, ішкі мән. Ойлау деңгейін арттыру. Қасиетті құранның өзінде Алла тағала айтпай ма: "Мен құдыретімді адамдар арқылы" көрсетемін деп. Тарихта ислам әлемі неге ғылымның биік шыңына шығып (сол кездің дәуірінде), классикалық ислам деген атпен танылды. Ал батыс сол ғылымды латын сөзіне аудара салды. Солай әрі қарай жалғастырып ала кетті. Мәселе Құдай жоқтан бар жасаса, біз бардан бар жасау керекпіз (ата бабалар сөзі). Тек кішкене саналы ойлап, тек ойлап ғана қоймай, ойымызды нақты материалдық жетістік құралына айналдыра алсақ болды. Құдайдың кереметін ғылымға ұмтылып (Шын мәнінде біз Алланың құдыретін осылай ғана таниды екенбіз), ғылым арқылы көрсетсек болды. Шын мәнінде білетіндеріңнен білмейтінің көп демей ме қасиетті Құранда. Сондағы нақты түйін Алланың құдыретін ғылым арқылы ашып, оны халқыңның пайдасына ыңғайлау.

Мәселе тағы да тәпсірге тірелетіні туралы данышпан Шәкәрім бабамыз былай дейді:

"Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне,
Дін десе тұра қашты есті азамат.
Бар обалы олардың тәпсіршіде,
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол қатені түзеткен әлімдер көп,
Соның сөзін оқысам боламын шат.
Қиянатың бар болса - иманың жоқ.
Маған десе мың жылдай қыл ғибадат".

Жарас Ахан, тарихшы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір