• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:15:41
+12°

11 Сәуір, 2019 NEWS

Дәрігерлер 3 күндік сәбиге ауыр ота жасады

3818 гр. салмақтағы жаңа туған нәрестеге хирургиялық ота, туған уақытынан кейін 3 күні жасалды

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары туа бітті ісікті алу бойынша жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады, деп хабарлады «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» баспасөз қызметі Qamshy.kz ақпарат агенттігіне.

Сегізкөз-құйымшақ тератомасының алып ісігі жатыр ішінде 19 апталық кезде анықталған. Сондықтан, сәби дүниеге келе салысымын перзентханадан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. 

3818 гр. салмақтағы жаңа туған нәрестеге хирургиялық ота, туған уақытынан кейін 3 күні жасалды. Оған дейін сәбидің денсаулығына байланысты арнайы емдік-дайындық қажет етілді. Күрделі ота  3 сағатқа жалғасты. Сәтті өтті. Отаны Педиатрия орталығының білікті дәрігері,    хирург-неонатолог Литош Владимирдің жетекшілігімен өзі ісінің білгір мамандарынан құралған команда жасады.

Кішкентай пациент отадан кейінгі 3 күні реанимация бөлімінен неонатология бөліміне палатаға анасының жанына ауыстырылды. 

Бұл жағдайдың күрделілігі көлемі үлкен ісіктің жатыр ішінде қарқынды өсіп, босандырып алу және ісіктің өзін алып тастау кезінде қиындықтар тудыруында болды. Сондай-ақ ісікте терінің эрозияға ұшыраған жерлері де болып, тік ішекті қысып және қан тамырларынан қанның жоғары деңгейде жүруіне байланысты белсенді соғуы қанның көп кету тәуекелін туғызды. Ісіктің жалпы салмағы 1028 гр. құрады.

Қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы тұрақты, анасымен бірге палатада. Сәбидің тезірек сауығып кетуін тілейміз!

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір