• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:51:11
Алматы
+35°

Күні кеше әлеуметтік желілерден белгілі саясаткер, бірқатар сайлауға түскен азаматтардың жанында жүрген Әміржан Қосанов тікелей эфирге шығып, желі қолданушылармен пікірлесті.

Бір сағат бойы жүргізілген тікелей эфирде саясаткер бірқатар мәселелерді тарқата айтты.

Алғашқы кезекте айтылған мәселе – оппозиция мүшелері мен оппозициялық партиялар, қоғамдық қозғалыстардың сайлауға қатысудан бас тартуы. Ел арасында, өз араларында осындай қауесет барын тілге тиек еткен саясаткер мүдделес азаматтарды бірігуге, бұрын-соңды орын алған келеңсіздіктерді, реніштерді, тіпті, сатқындықтарды кешіруге шақырды.

"Егер біз бірікпесек, сайлауға түспесек, онда Назарбаев уағындағы ішкі жүйе қайта орнап, бас бермей кетеді. Біздің бар мүмкіндігіміз осы сайлауда. Сондықтан, араздықты, алауыздықты ысырып қойып, бірігейік", - деді Әміржан Қосанов.

Саясаткердің екінші көтерген мәселесі – сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы.

"Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда он мыңнан астам сайлау учаскесі бар. Ол жердегі қызметтің барлығын атқаратын мұғалімдер, дәрігерлер және т.б. Біз сол кезеңді дұыс бақылап, дауысымыздың ұрлануына жол бермеуіміз керек", - деп жалғастырды ол.

Әміржан Қосанов "Жаңа Қазақстан" форумының белгілі бір себептермен тіркелмегені туралы, сол себепті олар үміткер ұсына алмайтындығы туралы айтты. Сондай-ақ, ЖСДП партиясының мүшелеріне, Жармахан Тұяқбайға бірқатар сәлем жолдағанын тілге тиек етіп, ол тараптан ешқандай қозғалыс байқалмағанын жасырмады.

"Маған бірқатар қоғамдық қозғалыстардан ұсыныс түсті. Егер олардың атынан үміткер болып, сайлауға түссем, оппозиция мүшелері мен оппозициялық топтардың бірлігіне, өзара арақатынасымызға салқыным тиіп кете ме деп алаңдаймын", - дейді саясаткер.

"Бойкот жариялау" туралы...

Тікелей эфир барысында тұтынушылар сұрақтарына жауап беріп отырған Әміржан Қосанов бірқатар азаматтардың "лас сайлауға тұмсық тықпай-ақ қойсаңдаршы" деген ұсыныстарына бойкот жариялаудың бағыттарын түсіндіріп берді.

"Бойкот жариялаудың екі түрі бар. Бірі – белсенді бойкот, яғни, ашық қарсылық білдіре отырып, бас тарту. Екіншісі – пассивті бойкот", - деді ол.

Оппозициялық топтардың арасындағы ескі алауыздық, бір мүддеге бірікпеу бар екені байқалады. Әміржан Қосановтың да "қаржы тапшы", "уақыт тапшы" деген сөзі бір байламның шетін көрсеткендей болды.

"Не бел кетеді, не белбеу кетеді" демекші, бел буған атқамінерлердің арасындағы бәсеке кезектен тыс президенттік сайлау көркін қыздыра түсетіні анық.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір