• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:32:04
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2019 Ғылым-білім

Көлемі Нью-Йорк қаласынан үлкен алып айсберг жақын арада Брант мұздығынан бөлінгелі тұр. Мұзтауда орналасқан зерттеу станциясы залалсыздандырылып, өзге аймаққа көшті. Өйткені, қауіп деңгейі ең жоғары дәрежеге жеткен.

Брант мұзтауынан бөлінетін айсбергтің жалпы көлемі 1500 шаршы метрді құраса, қалыңдығы 150-200 метрден тұрады.

35 жылдан бері қайталанбаған Брант мұзтауындағы жарылысты байқаған ғалымдар бұл аймақты 2012 жылдан бері үздіксіз бақылауға алған-ды. Мұзтау арасындағы сызат уақыт өткен сайын ұлғая берді, ал 2016 жылы екіншісі пайда болған. Екінші сызат бірінші жарылысқа перпендикуляр бағытта келе жатыр. Ғалымдардың болжауынша, қос сызат алдағы екі ай көлемінде жолығады. Ал қос жарықшақ жолықса, мұзтаудың жоғарыда көрсетілген көлемді аймағы бөлініп, айсбергке айналады.

Брант мұзтауында орналасқан "Халли" зерттеу станциясы 23 шақырымға дейін ішкерілеп барып орналасқан.

Зерттеуші мамандардың мәліметіне сүйенсек, мұзтаулардың айырылуы дүниежүзілік жылу үдерісінің ықпалынан емес. Бұл – дәуір өте келе өздігінен орын алатын табиғи құбылыс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір