• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 04:22:28
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

15 Сәуір, 2019 Саясат

Украин генералы: Бізге орыстың Уралына дейін жететін ракеталық оқтұмсық жасау керек

"Украинаға жанталаса қарулануға кіріспесе, болмайды"..

 

Украин Қарулы күштері Бас штабының бұрынғы орынбасары, генерал Игорь Романенко "Главред" басылымына берген сұхбатында ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мықты, ұзақ қашықтыққа жететін ракеталық оқтұмсықтар жасау керек деп отыр.

Мұның пайдасы зор болар еді. Ең алдымен Ресейден қорғануымыз үшін қажет. Әзірге бізде бар-жоғы 120 шақырымға ғана жететін ескі «Точка-У» ракеталық оқтұмсығы ғана бар. Қорғану үшін бұл өте жеткіліксіз. Сондықтан бізге  Ресейдің Уралына дейін жететін ракета жасауымыз керек.

Айта кету керек, 1990 жылдардың басында Будапешт меморандумына орай Украина ядролық арсеналынан және бірқатар ұзақ қашықтыққа жететін ракеталық оқтұмсықтарынан айрылғаны белгілі.

Алайда қазіргі уақытта генералдың ойынша, «қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және орыстардын қорғану үшін «Украинаға ұзақ қашықтыққа жететін ракеталық оқтұмсық қажет. Ең құрығанда, Украинаға  Уралына дейін жететін ракеталық қондырғы жасау керек. Сондаға ғана  жауға тойтарыс беруге болады».

–Украинаға жанталаса қарулануға кіріспесе, болмайды. Ал біз әскери қуатымызды арттыруды әлі де тежеп келеміз, –деді  Украина Қарулы күштері Бас штабының бұрынғы орынбасары Игорь Романенко.

Бұл Украинаның ресми органы өкілдері мен армия генералдары тарапынан айтылып отырған бірінші пікір емес. Бұған дейін әскери сарапшы Валентин Бадрак та Мәскеуге дейін жететін, бір шақырымнан асатын ракеталық оқтұмсық жасап шығару туралы бастама көтерген. Қарулану мен армияны зерттеу туралы орталық басшысының орынбасары «қазіргі кезде осындай қуатты қарудың болмауы салдарынан Украина Азов және Қара теңізде өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр» деп мәлімдеді. Дегенмен,  осыдан бірер апта бұрын ел президенті Петр Порошенко радиусы мың шақырымға жететін ракеталық оқтұмсықтармен бар екенін атап өткен болатын. Алайда көптеген сарапшыар «мұндай қарудың болуы Украинаның қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді» деген пікірде. Соған қарағанда, жанталаса қарулануға қатысты пікірдің өзі ала-құла болып тұрған сияқты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір