• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:43:49
Алматы
+35°

15 Сәуір, 2019 Саясат

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауының уақыты жарияланғалы бері болжамдар, пікірлер, айтыс-тартыстар толастамай тұр. Бұлардың барлығы алғашқы үміткерлер белгілі болған күннен бастап саябыр таппақ.

"Байтақ болашақ" экологиялық альянсы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылары бірауыздан президенттікке кандидат ретінде Азаматхан Әміртайды ұсынды.

Бұл туралы Азаматхан Әміртай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Құрметті достар, "Байтақ болашақ" экологиялық альянсы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылары мені Қазақстан Республикасының Президентіне үміткер ретінде ұсынған соң жан-жақтан толассыз қолдаулар келіп жатыр. Әсіресе кәсіпкерлік қауымдастықтары, тәуелсіз журналистер, экология жанашырлары, ұлтшыл әрі патриот ағайындар және еліміздің танымал тұлғалары өз қолдауларын білдіріп жатыр. Мен үшін бұл көрсетілген сенім өте маңызды!!! Көп рақмет сіздерге!" - деп жазды ол.

Өзін құп көрген азаматтарға алғысын жаудырған азаматтың алдағы уақытта қандай бағдарлама дайындап, қандай мәселелерді көтеріп, науқанда қалай жұмыс жасайтынын уақыт көрсетер.

Бірақ ел көкейінде түйткіл болып тұрған бір мәселе бар. Әлеуметтік желідегі жазба 13-сәуірде жарияланған. Содан 4 күн бұрын, яғни, 9-сәуірде Азаматхан Әміртай "Atameken Business" арнасына берген сұхбатында төмендегідей ой айтады:

"Эколог ретінде өз пікірімді айтсам, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Көк Жайлау" мәселесін тоқтатып, дұрыс шешім қабылдады. Бұл экологтардың да саяси алаңға шығып жатқанын көрсетеді. Эколог ретінде біз президенттікке лайықты кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзін көріп отырмыз".

Бұл ненің көрінісі? Бірнеше "кандидат" қатысқан "баламасыз" сайлаудың анонсы болар, бәлкім?!

Әлеуметтік желідегі материалдар мен жазбалардың аужайына қарап, Азаматхан Әміртай, Асхат Асылбеков сынды азаматтардың ниеттене бастағанын аңғаруға болады.

Қалай болған күнде де, нақты ақпарат Орталық сайлау комитеті жариялаған ақпарат болады. Оған дейін той дүбірі қызған үстіне қыза береді, қыза береді...

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір