• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Қыркүйек, 13:51:17
Кекілбаевқа арналған кеш

15 Сәуір, 2019 Саясат

Трамп қайта сайлану үшін 41 миллион доллар жинап үлгерді

Демократиялық партияның Ұлттық комитеті өздерінің қанша қаржы жинағанын ашып айтқан жоқ.

Дональд Трамп 2020 жылдың 3 қарашасында өтетін президенттік сайлауға қазірдің өзінде 41 миллион доллар жинап үлгерді. Бұл аз ақша емес. Бұл туралы  деректерді  Bloomberg басылымы жария етіп үлгерді.

Анығына келсек, бұл соңғы үш айдың ішінде жиналған қаржы. Сарапшылардың айтуына қарағанда, бұл өзімен бәсекелес болып отырған екі кандидаттан да екі есе көп. Айта кету керек, Демократиялық партиядан ұсынылып отырған екі үміткердің бірі Берни Сандерс 18,21 миллион, ал Камала Харрис 12 миллион доллар жинаған. Екі кандидаттың жинаған ақшасының өзі Трампқа жетпей отыр. Соған қарағанда, президенттік сайлауға қайтадан түсу үшін Трамп жарна жинау жағынан қара үзіп кететін шығар. Оның үстіне Республикалық партияның Ұлттық комитеті тағы да 45,5 миллион доллар жиналғанын мәлім етті. Дональд Трамптың барлық жиналған ақшасы сонымен 86 миллион доллардан асып отыр. 

Соған қарағанда, келер жылдың 3 қарашасында өтетін АҚШ-тағы президенттік сайлау өте қызықты өтетін сықылды.

Әзірге өз үміткерлерін ұсынып отырған Демократиялық партияның Ұлттық комитеті қанша қаржы жиналғанын ашып айтқан жоқ.

Бұл ғана емес, Дональд Трамп елде әртүрлі шаралар өткізу арқылы жарна жинауды жалғастырып жатыр. Сәуір айының соңында ол  Сан-Антонио мен Лос-Анджелесте үлкен шара өткізбек. Оның ең қымбат билеті 150 мың доллар тұрады және бұл іскер азаматтар жиналатын жиынға Президенттің өзі қатысып, еркін пікір алмасу алаңы  болады.

2016 жылығы президенттік сайлауда президент Дональд Трамп негізінен өз қаржысын жұмсағаны белгілі. Бұл жолғы сайлауда оны жақтаушылардың қатары мен мүдделес кәсіпкерлер көбейіп келеді. Қазірдің өзінде 82 миллион доллар жиналып отырғанының өзі Трамптың «осал жау» еместігін көрсетеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір