• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:36:07
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2019

Димаш Өзбекстанда өнер көрсетіп, өзбек жұртын таңғалдырды (видео)

15 сәуір күні Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсімі өтті.

Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне арналған гала концертте Димаш Құдайберген де өнер көрсетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы дарынды қазақ баласы ерекше дауысымен өзбек халқын таңғалдырған.

Салтанатты шара "Өзбекстан" халықаралық форумдар сарайында өткен. Гала концертте екі елдің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев те болған.

Ал Димаш қалың көрерменге өзінің " SOS d'un terrien en détresse" деп аталатын танымал әнін тарту еткен.

Видеоның желіде пайда болғаны сол еді, әншінің тыңдармандары оған деген тілектерін жаудырды.

"Димаштың орындауы, дауысы-сенсация", "Димаш Қазақстан халқы мен әлемнің ең талантты, тәрбиелі, мейірімді, кішіпейіл жас адамы", "Әдеттегідей биікте, Димаш - король", деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік гала-концертте Димаштан бөлек, Әлібек Дінішев, Айман Мұсаходжаева, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, Мария Мудряк сынды Қазақстанның өнер қайраткерлері мен сахна шеберлері, шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш еткен.

Еске сала кетейік, 15 сәуір күні Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсімі өтті.

♦Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Ташкент қаласына барды (видео)

Ұсынған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір