• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:22:51
+35°

16 Сәуір, 2019 NEWS

Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды

Қазақ руханиятына жасаған адал қызметі ешқашан ұмытылмайды... - деп жазады министр

Елімізге белгілі музыкатанушы, еңбек сіңірген қайраткер Жарқын Шәкәрім дүниеден озды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Қазақ өнері ауыр қазаға душар болды. 71 жасқа қараған шағында белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі, ғалым ағамыз Жарқын Шәкәрім дүниеден өтті, қайғылы хабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр...

Қазақ халқының рухани кемелденуіне үлес қосып, музыка өнерінің халықтық мүддеге сай өркен жаюына еңбек еткен, белгілі күйші, музыкатанушы, әміретанушы, қоғам қайраткері Жарқын ағамыздан айырылып қалдық.

Осыған байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өмір бойы туған халқына, оның рухани саласына қалтқысыз қызмет еткен жомарт жүректі жақсы адамның бұл қазасы қабырғамызды қайыстырып кетті.

Біздің бір көңілге медет ететініміз, Жарқын ағаның артында өлмейтұғын мұрасы қалды.
Ардақты ағамыз шынында да бәріміз жақсы көрген абзал азамат еді. Ол өзінің барынша адал да таза қалпымен, ақжарқын да жайдары мінезімен жанымызға жақын болды. Нұры пейіште шалқысын.

Қазақ руханиятына жасаған адал қызметі ешқашан ұмытылмайды..." - деп жазады министр.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір