• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:21:08
Алматы
+35°

Ресейде Барахоев ауылының 28 жастағы тұрғыны өзінің екі баласы отырған үйді өткен жіберген. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru порталының дерегіне сүйеніп жазады.

Күдіктінің 4 жасар баласы оқиға орнында көз жұмған, ал оның бір жарым жастағы қызын көршілері құтқарып үлгеріпті.

Тергеушілердің айтуынша, ішімдікке сылқия тойып алған әйел үйіндегі жиһаздары мен бөлмелерінің біріне тез жанатын сұйықтық құйып өртеп, өзі кетіп қалған. Салдарынан күдіктінің баласы қаза тауып, кішкентай қызын көршілері құтқарып қалған. Бүлдіршінді дереу ауруханаға жеткізіпті. Өртті ұйымдастырған әйел қамауға алынып, оған қандай үкім шығарылатыны шешілуде.

Белгілі болғандай, қылмыскердің тағы екі баласы бар екен, олар әйелдің туыстарының қамқорлығына немесе кішкентай балаларға арналған реабилитациялық орталыққа берілмек.

Жергілікті БАҚ-тың деректеріне сәйкес, құтқарылған бүлдіршін 1 жас 7 айлық болған. Әйелдің мұндай қадамға баруына күйеуімен болған ұрыс себеп болған деген ақпарат бар.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір