• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:44:19
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2019 Саясат

Ахметжан Есімов: Жігіттер жақсылап түсінсін дегенім ғой...

Біздің ел үшін мұның қаншалықты маңызды екенін басқа да жігіттер жақсылап түсінсін дегенім ғой.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ төрағасы Ахметжан Есімов бүгін бір түйткілдің шетін шығарды.

Оның айтуынша, "Самұрық-Қазына" активтерінің жиі бұғатталуы инвестициялық жағдайдың тепе-теңдігін бұзуы әбден мүмкін.

2017 жылы жалпы құны 5 миллиард доллар тұратын Қашаған акцияларына шектеу қойылса, былтыр Түркиядағы "Шекербанктің" де 38 миллион долларлық акциясы бұғатталған.

"Өкінішке қарай, активтердің бұғатталуына байланысты қорды шетелдік юрисдикциялардағы сот процестеріне ұдайы тарту практикасы белең алып барады", - деді Есімов үкімет отырысында.

Өзінің көп айтыла бермейтін әңгімесінен кейін қайта сөз алған ол:

"Қор активтерінің бұғатталуы біздің активтеріміздің инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай жағымсыз әсер етуде. Мен мұны тек Роман Васильевичке (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Скляр – ред.) айтып отырғаным жоқ. Біздің ел үшін мұның қаншалықты маңызды екенін басқа да жігіттер жақсылап түсінсін дегенім ғой", - деді.

Осыған байланысты "Самұрық-Қазына" қоры Әділет және Қаржы министрліктеріне республикаға қарсы шығарылған халықаралық арбитраждық процестер бойынша шешімдерді орындау тетігін әзірлеуді ұсынған.

"Ондай механизм болса, Ұлттық қордың, квазимемлекеттік сектордың активтерінің бұғатталуынан қорғануға болады", - дейді ол.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір