• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:51:34
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 NEWS

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Руслан Қанатханұлы  Әлішев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады СҚО әкімдігі Qamshy.kz ақпарат агенттігіне.

Руслан Әлішев СҚО-ның тумасы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.

2004-2013 жылдары ─ Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің инспекторы,  Ішкі саясат басқармасының орынбасары және басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары.

2013-2018 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы,  «Нұр Отан» орталық аппараты Саяси жұмыстар департаментінің директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметінің» басшысы болып жұмыс істеді.

Мадияр Қожахмет басқа жұмысқа ауысуына байланысты СҚО әкімі орынбасары қызметінен босатылды.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір