• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:42:37
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 Спорт

Головкин жанкүйерлеріне уәде берді

Кейін Головкиннің өзі кезекті жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.

Әлі жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген канадалық былғары қолғап шебері Головкинмен кездесуге дайын екенін жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Sport Illustrated  бағдарламасының корреспанденті Крис Мэнникс мәлімдеді. 

"Головкин мен Роллстың келіссөзі маусым айындағы келіссөздердің ішінде алғашқылардың бірі болып тұр. Қолда бар деректер бойынша Роллс барлық шартты қабылдап, келісімін берді", - деп жазды Крис Мэнникс. 

Кейін Головкин жекпе-жек туралы пікірімен бөлісіп, өз жанкүйерлеріне уәде берді. 

"Мен рингке қайта оралатыныма қуаныштымын әрі қобалжып тұрмын. MSG-ға ерекше әсер қалдырарлық өнер көрсететін боламын. Мен боксты қатты жақсы көремін және көрермендер үшін Роллспен кездесуімді ұмытылмастай қызықты әрі керемет етіп өткізуге уәде беремін", - деп жазды Головкин өзінің Twitter парақшасына. 

Аталмыш жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтетін болады. Келесі аптаның басында, 22 немесе 23 сәуірде алғашқы баспасөз конференциясы өтіп, билеттер 27 сәуірден бастап сатылымға шығады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір