• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:13:10
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 Оқиғалар

1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)

Түркістан облысы Шарадары ауданының 1999 жылғы мектеп түлектері 20 жылдық мерейтойды қайрымдылық шарасына

Түркістан облысы Шарадара ауданының 1999 жылы мектеп түлектері 20 жылдық мерейтойды қайрымдылық шарасына арнауды жөн көрген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі yujanka.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Олар өздерінің 9 баласы бар сыныптасына үй сыйлады. Ал Андрей мен Анастасия Волокитиндердің қуанышында шек жоқ. Үйдің отағасы Андрей тұрмыстық техниканы жөндеумен айналысады.  Ал Анастасия болса үй шаруасымен, бала тәрбиесімен үйде отырады. Бұған дейін олар пәтер жалдап келген еді. Енді оларды баспана мәселесі бас ауыртпайтын болды. 

жаңа үй сыйлады

Сондай-ақ аудандық әкімшіліктің көмегімен жаңа үйге жарықпен, сумен қамтамасыз етілді. Қуанышты жаңалықты бүкіл ауыл болып дастархан басында тойлады. Келген қонақтар да құр қол келмей, газ плитасын, кілемді сыйға тартты.

жаңа үй сыйлады

Ал Шардары аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қайрымдылық шарасына атсалысқан мектеп түлектеріне Алғыс хат тапсырды. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір