• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:38:38
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 NEWS

Нотр-Дам шіркеуін жөндеуге 200 миллион еуро бөлген кім?

Біз ұлттың, елдің басына күн туғанда біріге білуіміз керек.

LVMH компаниялар тобының жетекшісі, француз миллиардері Бернар Арно Париждегі "Құдай Ана" шіркеуінің қалпына келтіру жұмыстарына 200 миллион еуро бөлетінін мәлімдеді.

"Арно әулеті мен LVMH тобы француз бірлігі мен елдігінің символына айналған осы шіркеуді қалпына келтіруге көмек қолын созғысы келді. Біз ұлттың, елдің басына күн туғанда біріге білуіміз керек", - делінген Арноның мәлімдемесінде.

Арноның уысында Louis Vitton, Moët, Hennessy секілді әлемге мәшһүр брендті тауарлар бар. Сонымен қатар, Givenchy, Kenzo, Chaumet, TAG Heuer сынды сауда белгілері осы әулетке тиесілі.

Бернар Арнодан бұрын тағы да бір француз миллиардері Франсуа-Анри Пино Нотр-Дам шіркеуінің қалпына келтіру жұмыстарына 100 миллион еуро бөлетінін жария еткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір