• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:04:58
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 Әлеумет

Әлеуметтік көмектің әлегі: 21 мың теңге үшін аналар бас көтерді

Қарамай ма! Мына 8-10 баласы бар көпбалалы аналарға неге қарамайды. Әрбір үйге аяғын аттап кірмей ма!

21 мың теңгені бергеннен бередісі жыр болды. Бүгін Елордадағы көпбалалы аналар тағы бас көтеріп, бұл жолы балаларын сүйреп, министрлікке өздері барды. Олар әлеуметтік көмекке іліге алмай, мемлекет көмегіне мұқтаж екенімізді дәлелдеуден шаршадық деп ашынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Жәрдемақыға ілінуіміз керек деп табаны таусылған көпбалалы аналар шығын мен кірісті есептеп, құжатпен сандалтып есті шығарғанша сол 21 мың теңгені барлық балаға бірдей, ай сайынғы жәрдемақы етіп берсін деген талап қоюда.

Шенеуніктер жәрдемақы, әлеуметтік көмек, үй мәселесіне қатысты уәдені үйіп-төгеді, бірақ үш ай бойы көмектің бір түрін көрмедік деп ашынған аналар жәрдемақыны тездетіп беруді талап етіп, әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында жиналды.

"Қарамай ма! Мына 8-10 баласы бар көпбалалы аналарға неге қарамайды. Әрбір үйге бас сұғып қарамай ма?" - дейді ашынған көпбалалы ана Феруза Әбізова.

Бірақ, мамандардың сөзінше, комиссия мүшелері көпбалалалы отбасыларды әлі толық аралап бітпеген соң, кесімді сөз айту қиын.

"Учаскелік комиссиялар барлық отбасыны аралап үлгерген жоқ. Сондықтан, мыналар алады, мыналар алмайды деген пікір айтуға болмайды", - деді сарапшы маман Ғалия Жабағина.

Алайда, мамандардың сөзіне көңілі толмаған аналар әры қарай депутаттарға жолығамыз деп тура тартты. Оларды мәжілістегі екі депутатпен бірге елдің әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары қарсы алды. Жанайқайын жеткізуге асыққан аналардың ішінде пәтер ақысын төлей алмай, далада қалғандары да бар.

Сонымен, 1-сәуірде берілетін жәрдемақыға құжаттар енді қабылданып жатыр деген вице-министр бәрі заң шеңберінде болады деп, аналарды сабырға шақырды. Бірақ, процедураны рәсімдеуге бір ғана құжат жетеді деген аналардың үміті ақталмады.

"Құжат сұратып, жазбаша түрде өтініш жаздыртқан жағдайлар болды", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Вице-министр сондай-ақ, ертеңнен бастап жұмыспен қамту орталықтарына тікелей өзі барып, бәрін өз көзімен көріп шығуға уәде берді. Алайда, әбден көңілі қалған аналар шенеуніктердің бұл уәдесіне сенбеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір