• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:48:41
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 NEWS

«Баспана Хит» бағдарламасының жылдық пайызы арзандады

Азаматтардың ай сайынғы төлемдерін есептеуіне қолайлы болуы үшін Баспана Хит ипотекалық калькуляторы іске қосылды

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді, деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымы Qamshy.kz ақпарат агенттігіне.

Игі бастама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) 15 сәуірде базалық мөлшерлемені 9,0% деңгейге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асты. «Баспана Хит»  бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшері ҚРҰБ базалық ставкасына (ҚРҰБ базалық ставкасы +1,75%) байланысты болатынын еске саламыз.

 «Пайыздық үстеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Баспана Хиттің ипотеканы 11%-бен алған борышкерлері ай сайынғы төлемдерді бұрын бекітілген кестеге сәйкес төлейді. Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа клиенттерге ғана қатысты болады», – деді «Баспана» ИҰ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатов.

Баспана Хит бойынша мақұлданған кредиттердің сомасы 25 млрд. теңгеге жетті. Бүгінгі күнге дейін 3 113 қазақстандық осы ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер алды.

Баспана Хит азаматтың меншігінде баспанасы болса да бастапқы не қолданыста болған тұрғын үйді алуға мүмкіндік береді. Ипотеканы 8 банк береді: Халық банкі, ЦентрКредит банк, Сбербанк, Цеснабанк, Еуразиялық банкі, Forte Bank, Bank RBK және АТФБанк.

Азаматтардың ай сайынғы төлемдерін есептеуіне қолайлы болуы үшін Баспана Хит ипотекалық калькуляторы іске қосылды www.baspanahit.kz

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір