• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 05:41:58
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

17 Сәуір, 2019 NEWS

Үлкен тұрғындары АЭС-ті асыға күтуде. Неге?

"Негізі, өмір сүруге болады, - дейді тұрғындар. – Шынын айтқанда, біз үйреніп кеттік".

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстан президентінің Ресейге іссапары барысында Владимир Путин ресейлік технологиялармен атом электр станциясын салуға ұсыныс білдірген еді. Құрылысқа ыңғайлы орын ретінде 1980 жылдары гидроэлектр станциясын салу жоспарланған Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалған-ды.

Үлкен ауылы 30 жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан гидроэлектр станциясының құрылыс маңынан құрылған. Аталмыш аймақ қорқынышты фильмнің түсірілім алаңын еске салады: жартылай салынған нысандар, адамы жоқ көшелер, өсімдік өспейтін тұзды алаңқайлар.

Уағында Үлкен ауылында 10 мыңнан астам адам тұрып, сол жерде жұмыс істеген. Кейін кеңес үкіметі тараған кезде, адамдар ГЭС салынбайтынын түсініп, басқа жаққа қоныс аудара бастады. Қазір Үлкенде барар жер, басар тауы жоқ, шарасыз адамдар ғана қалған.

Үлкенде жоспарланған ірі құрылыстардың жолы болмайды.

1984 жылы бұл аймақта ГЭС салу мәселесі қарастырылып, тіпті, алғашқы құрылыс нысандары да бой көтере бастаған еді. Артынша Кеңес үкіметі тарап, жоба жоба күйінде қалды.

2007 жылы Қазақстан билігі аталмыш зонада Балқаш Жылу электр станциясын салуды көздеді. Тіпті, 2012 жылы "Балқаш ЖЭС" АҚ мен Engineering Company Limited компаниясы келісімшартқа қол қойған. Бірақ біелгісіз жағдайда бұл келісімшарт 2016 жылы күшін жойды.

Өмір сүруге болады...

Үлкеннен Алматыға шағын автобустар аптасына екі бағытта үш рет қатынайды. Қалаға таңертеңгі уақытта жету үшін жолаушылар түн жарымында жолға шығуға мәжбүр. Алматыға дейін 360 шақырым болса, аудан орталығы Ұзынағашқа дейін де осы шамалас қашықтық.

Сапарлас серігіміз Николай "Біз қайда бет алсақ та, жол азабын тартамыз" деп әңгіме бастады. Бұл кезде біздің автобус тас жолдағы тесіктиерден "аяғын" әзер алып жүріп келеді.

- Құдай бетін әрі қылсын, егер кімде-кім қатты ауырса, біз оны Приозерскіге (Қарағанды облысындағы қала, Үлкенге 130 шақырым жерде. Ред.) немесе Балқашқа алып баратын шығармыз. Балқашқа дейін де шамамен 350 шақырым жер, бірақ ол жақтың жолы жақсы, - дейді Николай жолсерік.

Ішек-қарынымыздың орынын алмастырған автобуста әңгімелесіп отырып, ауылға да келіп қалдық. Халқы тығыз орналасқан, тіршілігі қайнап жататын ауылдың еңсесі сұлық көрінді. Тіпті, тұрғындары тастап кеткен ескі елді-мекенге қаттырақ ұқсайды. Қаңырап тұрған көпқабатты үйлер, қабырғасы күйреген аласа нысандар, балалар ойнайтын бос алаңқайлар...

Жергілікті тұрғындар өздерінің өмір дағдысына еті үйреніп кеткендері байқалады. Сырттан келген адамға да шағым айтып жатқандары шамалы. Соған қарағанда, "көзіңмен бақыла да, іштей түсіне бер" дегені-ау, шамасы?!

Жергілікті билік барлық мәселені бірден шешуге қауқарсыз, әрине. Тұрғындардың атуынша, әкім – қарапайым азамат. Қарапайымдылығы сонша, жасаған ісі берген уәдесінің қолына су құя алмайды екен-мыс.

Халық не десе де, барлық жоспарлар өз кезегімен жүзеге асуда. Тұрғындар алғашқы медициналық көмек алу үшін ұйымдастырылған амбулатория, азық-түлік дүкендері, асханалар мен дәріханалар, мектеп және балқашқа балық аулай келгендер ат байлайтын қонақ үй бар мұнда.

"Негізі, өмір сүруге болады, - дейді тұрғындар. – Шынын айтқанда, біз үйреніп кеттік".

Үлкен ауылының әкімдігі кезінде орталыққа айналуы тиіс орында тұр. Әкімдік нысанынан кейінгі үй – ауылдың ең шеткі нүктесі. Мемлекеттік мекеме бұрынғы жатақханада екен. Маңдайшада ілінген мемлекеттік Ту ғана нысанның атын айғақтап тұрғандай.

Әкім қызметіндегі азамат – Болаттай Рахымовпен біз тура есік алдында жолықтық. Микрофон мен камераны байқаған әкім сұхбат беруге бірден ыңғай білдірді. Соған қарағанда, АЭС салу қауесеті шыққалы бері бұл жерге журналистер табаны көп тиіп, басшыны сұхбатқа мықтап үйреткен секілді.

Бұл жерде бұрын ештеңе болмаған. Қазір үш балық зауыты жұмыс жасап тұр. Оның екеуінде еурономер (өнімнің еуропалық нарықта сатылуына құқық беретін стандарт. Ред.) бар. Қазір станция маңында 80 адам, балық зауыттарында 200 адам жұмыс жасайды. Жамбыл облысында барит өндірілуде, сол жерде 50 адам, ал цемент зауытында 50 адам жұмыспен қамтылған. Қалғандары ауысыммен басқа қалаларда жұмыс жасайды, - дейді Үлкен ауылының әкімі Болаттай Рахымов.

Ал ауыл тұрғындары бұл құрылыстың жоба күйінде емес, із жүзінде жүзеге асуын асыға күтуде. Олардың айтуынша, аймақта АЭС салынса, оларға жұмыс табылып, жол түсіп, әлеуметтік ахуал жақсарар еді-мыс.

Петр ТРОЦЕНКО

Аударған: Әділет МӘДЕНИЕТ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Бектас 23 Сәуір, 2019

Ет комбинатыда қойларды союға серкелер бастап кіргізіп жіберетінін көпшілік біледі. Сол қойлар сияқты бұлар да қарнымыз тойып қалар деп далбасалап жүр ғой.