• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:45:46
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 NEWS

Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)

Аталмыш іс ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер департаменті мен Білім және ғылым министрлігінің жеке бақылауына алынды.

28 жастағы азаматшының үш қыз балаға адам сенгісіз айуандықпен зорлық көрсеткені туралы ақпарат бүгін кеңінен тарап кетті.

Қазіргі уақытта үш қыз бала аудандық ауруханада жатыр. Олардың өміріне де, денсаулығына да ешқандай қауіп-қатар төніп тұрған жоқ. Ал құқық қорғау қызметкерлері оқиғаның мән жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғады.

Аталмыш іс ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер департаменті мен Білім және ғылым министрлігінің жеке бақылауына алынды.

Бүгін аталмыш мәселеге қатысты Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова Түркістан облысына шұғыл сапармен министр кеңесшісі Раиса Шерді жіберді.

"Әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып, Жетісай ауданындағы бір отбасында орын алған өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсеткен жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл мәселені өз бақылауына алды", - деп мәлімдеме жасады ҚР ІІМ ресми өкілі – баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз.

Аталмыш мәселеге қатысты Түркістан ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың мәлімдемесі бейнематериалда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір