• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:04:18
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019

"Дос-Мұқасан" әншісі әуежай қызметкеріне қол жұмсады

Ұшаққа отырғызу барысында Мұрат Құсайынов қатты сөйлеп, бейәдеп сөздер айтқан.

"Эйр Астана" әуе компаниясы өздерінің қызметкерінің тарапына бағытталған келеңсіз жайт туралы хабарлады.

14-сәуір күні "Нұр-Сұлтан – Алматы" бағытына қатынайтын КС 852 ұшағынан өзін дұрыс ұстай алмаған жолаушы түсірілді.

Ұшаққа отырғызу барысында Мұрат Құсайынов қатты сөйлеп, бейәдеп сөздер айтқан. Әншінің әдептен аттап тұрғаны үшін әуе компаниясының қызметкері оны ұшаққа отырғызудан бас тартады. Сол кезде белгілі әнші оның жағынан қатты соққы жасап, денсаулығына зиян келтірген-мыс.

"Эйр Астана" әуе компаниясы әншінің бұл қылығына қарсы жаза қолдануды талап ететіндерін мәлімдеді. Сондай-ақ, зардап шеккен қызметкерге барынша қолдау көрсететіндерін жеткізді.

 

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір