• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:11:03
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 NEWS

Президент аккаунтын коммерциялық мақсатта қолданып жүр

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбук парақшасында жариялады.

Қазақстан Республикасының екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер, Инстаграм секілді ірі әлеуметтік желілерде тіркелген. Мемлекет басшысының аккаунтына ұқсас аккаунт ашып, сол арқылы жарнамадан табыс тауып жүрген "жұмыртқадан жүн қырқатын" алаяқтар да бар екен.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбук парақшасында жариялады.

"Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Сол арқылы жалған ақпарат таратып жатқандар да бар, кейбірі оны коммерциялық мақсатта қолданып жатыр.

Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты.

Барша әлеуметтік желі қолданушыларды Мемлекет басшысы туралы нақты расталған ақпарат алу үшін жоғарыда көрсетілген ресми аккаунттарға ғана жүгінуге шақырамыз", - деді ол өз жазбасында.

Өзге азаматтың атынан парақша ашып, оны жеке мүддеге пайдалануды заң құптамайтыны анық. Қолданушылар мемлекет басшысының баспасөз хатшысына пайдалы ақпарат жеткізгені үшін алғыс білдіруде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір