• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 16:11:45
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2019 NEWS

"Дариға-ай" жастар театры - Алматыда

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының "Дариға-ай жастар театры" 2019 жылдың 17-19 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында гострольдік сапарын өткізеді.

––Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының "Дариға-ай" жастар театры 2019 жылдың 17-19 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында гострольдік сапарын өткізеді. Бұл туралы аталмыш театр ұжымының баспасөз конференциясында толық айтылды. Баспасөз конференциясында театр басшысы Амангельды Бахтинов,  аға оқытушы Мейрамгүл Алепарова, жас актер, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сапар барысын, театрдың хал-ахуалын толық баяндап өтті, деп хабалайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

–"Дариға-ай" жастар театры профессор Дариға Тұранқұлқызы және белгілі қоғам қайраткері, абайтанушы, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері Т.Ибрагимовтардың бастамасымен 1999 жылы қараша айының 14-жұлдызында ашылған. Сонымен қатар, театрдың іргетасын қалауға профессор Майра Омарбаева, аға оқытушы Мейрамгүл Алепарова және театрдың режиссеры һәм көркемдік жетекшісі болған Ақбаралі Айтибаев сынды азаматтарды ерекше атап өтуге болады. Театр қоржынында қазақ қаламгерлерімен қоса шет ел драматургтерінің сүбелі шығармалары бар. Театр көптеген республикалық, халықаралық фестивальдардың дипломанты, жүлдегері. Бұл сапарымызда алматылықтар біздің театрдың үш қойылымын тамашалайтын болады, - деп атап өтті театр басшысы Амангелді Талғатбекұлы.

Сапар барысында театр репертуарындағы У.Шекспирдің «Ричард |||», Шәкәрім Құдайбердінің «Мұтылғанның өмірі» поэмасының желісі бойынша «Шәкәрім. Жолсыз жаза», Г.Хугаевтың «Иттің баласы немесе адамның аласы» қойылымдарын ұсынады. Іс-сапардың негізгі мақсаты - жасампаз да, жалынды жас театрдың өнерін еліміздің мәдени астанасы Алматы жұртшылығының назарына ұсыну. Бүгін Алматы қаласында Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалармен жасөспірмдер алғашқы қойылымын қойды. Ол - У.Шекспирдің "Ричард |||" қойылымы.

Наурызбек Сарша

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір