• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:47:11
Алматы
+35°

Ақтөбе облысы, Бестамақ ауылындағы мектеп алды даярлық сыныбында оқитын 6 жасар баланың үстіне шкаф құлап кеткен. Сабақ уақытындағы келеңсіздік үшін ешкімнен жауап алынбайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Диапазон порталына сілтеме жасап.

Үстіне шкаф құлаған баланың еріні жыртылып, денесінің біршама жері көгерген.

Алға аудандық білім бөлімінің басшысы Жанар Утепбергенова баланың өзі шкафқа тығылғанын, сосын басын соғып алып, сол кезде ерінін тістеп қалғанын алға тартады. Ал мұғалім бұл жағдайды назарынан тыс қалдырған. Мектепте балаға жедел медициналық көмек көрсететін маман да болмапты.

Жарақат алған баланың ата-анасы мұны жауапсыздық деп қабылдап, әлеуметтік желіге дененің көгерген жерлерін фтотға түсіріп жүктеген. Енді істің анық-қанығын нақтылауға полиция кірісті.

"Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 156-бабына (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) сәйкес іс қозғалды. Дегенмен, тексеру амалдары барысында ешқандай қылмыстық әрекет орын алмағаны нақтыланып, іс тоқтатылды. Ата-аналар тарапынан қарсылық жоқ", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір