• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:54:14
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2019 NEWS

Қытайдағы Қазақстан елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы айтты

Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын

Қытайдағы Қазақстан елшілігі түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қандай көмек көрсетіп жатқандарын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегіне сүйеніп.

Қытайдағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қызметкерлері Ақжарқын Тұрлыбайға өз қалтасынан ақша шығарып көмектесіп жатыр. 

Бейжіңдегі ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев елшілік қызметкерлерінің Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста екенін айтады.

"Мысалы, консул Болат Сырлыбаев екі ай сайын қызбен жүздесіп, өз қалтасынан ақша шығарып, оған қажеттінің бәрін алып береді. Оқулықтарын сатып алып берді өткенде, өйткені қазір Ақжарқын ағылшын тілін тереңдетіп оқып жатыр.

Одан бөлек күнделікті тұтынысына қажетті ұсақ-түйек заттарын да әперген. Бізде мұндай шығындар бюджетте қарастырылмаған. Сондықтан кейде осындай жағдайда ішімізден ақша жинап, мұндай шығындарды өзіміз көтеріп аламыз", - дейді ол.

Есірткі тасымалдады деп айыпталған қазақ қызының ісі әлі толыққанды қаралып біткен жоқ. Елшіліктегілер қосымша тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатқанын айтады. Тергеушілер қазір Ақжарқынды Қазақстаннан шығарып салған адамдарды тексеріп жатыр екен. Осы фактілер әбден зерделенген соң ғана Қытай соты шешім шығармақ. 

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуе-жайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ал Ақжарқын оны өзіне білдіртпей біреулер тығып жіберді деумен келеді.

Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Алайда кейіннен сот шешімі жойылып, істі қайта қарауға кері жіберген.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір