• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 09:07:08
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

18 Сәуір, 2019 Саясат

Экономикалық одақтың төрағасы атану Елбасымызға қандай пәрмен бермек?

Қазақстанның бұрынғы президенті, ұлт көшбасшысы , қауіпсіздік кеңесінің тұрақты төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында жаңа титулға ие болмақ

Қазақстанның  бұрынғы  президенті,  ұлт көшбасшысы , қауіпсіздік кеңесінің тұрақты төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында жаңа титулға ие болмақ.

"29 мамырда Нұр - Сұлтан қаласында жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың кеңесі өтеді. Одаққа мүше мемлекеттердің қатысуымен өтетін жиында 5 жылдық атап өтіліп, осы уақыт аралығында  жеткен жетістіктер талқыланады. Іс-шара барысында жақында  ғана зейнеткерлікке шыққан Нұрсұлтан Әбішұлы одақтың жаңа төрағасы болып тағайындалауы әбден мүмкін",- дейді ресейлік БАҚ ««Коммерсант». Сол «Коммерсанттың» ақпаратына сүйенсек, Еуразиялық экономикалық одақтың 5 жылдығына арналған  бас қосуда Елбасы одақтың төрағасы атануы бек мүмкін. Бұл шешім басқа елдер тарапынан қолдау тапқан екен.

Мұндай лауазым бұрын-соңды болмағандықтан Елбасы қандай пәрменге ие болатыны әзірге белгісіз. Төраға лауазымын сайлау мәселесі алдымен үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде одаққа  мүше мемлекеттердің премьер-министрлері арасында, 30 сәуірде үкімет басшыларының арасында талқыланады. Қорытынды шешім 29 мамырда мерейтойлық жиында айтылады.

«Нұрсұлтан Әбішұлы еуразиялық интеграция үшін көп нәрсе жасады, әлі де жасай алады. Сондықтан осындай идея пайда болды. Назарбаевтың беделі мен тәжірибесі Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық аренеға шығуына ықпал етпек» дейді «Коммерсант» журналистерінің бірі. Одақ құрудағы Елбасының айрықша рөлін қауымдастықтың барлық қатысушы мемлекеттері мойындап отыр.

1994 жылы Мәскеу университетінде Назарбаев экономиканы күшейту мақсатында  ынтымақтастық құру жөнінде былай деп айтқан болатын:

«Бұрынғы ССРО құрамына кірген мемлекеттердің бір-біріне сенім артуын құдайдың өзі қалады. Бізді ажыратуға, әлсіретуге бағытталған күштердің бар екенін білеміз. Бірақ ол халыққа тек зиянын тигізеді. Батыс Еуропа мемлекеттерінің ғасырлар бойы байланысы бар. Олар әлемдік нарықтың бірігіп жатқанын жақсы түсінеді. Кедендік кедергілерді жою мен шекараны ашуға шақырамын».

Арада 20 жыл өткен соң, Назарбаев Мәскеу университетінде тағы да былайша сөз сөйлейді: «Еуразиялық экономикалық  одақ туралы мынандай пікір бар. Аталмыш одақ келмеске кеткен ССРО-ның қайта тірілуіне себепкер болады дейді. Бұл шындыққа негізсіз. Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақтың бірігуі туралы неге сөз қозғалмайды?»,-деген болатын Елбасы. Украина, Ресей және Батыс мемлекеттерінің  арасындағы қатынастың нашарлауына байланысты бұл екі ірі одақтың бірігуі жүзеге аспады.

Жақында сол «Коммерсантқа» берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев: «Еуразиялық интеграциясының дүниеге келуіне ұйытқы болған –Нұрсұлтан Назарбаев. Ресейдің билік тізгініндегілер ол кезде оның бұл идеясын жете түсінбеді. Алайда бәріне сарапшы уақыт екенін жақсы білеміз. Уақыт Назарбаевтың көрегендігін дәлелдеп берді» деген болатын.

Дос Көшім, саясаттанушы: –Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы лауазымына қоймақшы. Бұл зейнетке шыққан мемлекет басшыларына беретін лауазымдардың бірі. Қолында пәрмені болады деп айта алмаймын.

Берік Ағыбаев,  тарихшы, саясаттанушы: «Барлығы уақыттың еншісінде. Бұл шешімнің дұрыс, не бұрыстығын уақыт көрсетеді. Қолдайтындар да, қолдамайтындар да табылады. Құрметті төраға лауызымына келгеннен кейін ешқандай пәрменге ие бола алмайды. Егер еліміз әлемдік аренада өзін мойындатқан мемлекеттердің қатарында болсақ, онда биліктің пәрмені болар еді.

Ақнұр Мұратқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір