• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:04:07
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2019 NEWS

Жетісайдағы өгей шешеден қорлық көрген қыздарға қатысты министрлік пікір білдірді

Жетісай ауданындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді

Жетісай ауданындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Министрлік өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жантүршігерлік оқиғадан кейін бірнеше адамға қатысты қатаң тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады. 

"Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты уақытылы анықтау бойынша жеткіліксіз жұмыс жасағаны үшін аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің жетекшісі, мектеп директоры, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог және 3 сынып жетекшісіне қатысты қатаң тәртіптік жаза қолданылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 17 сәуірде әлеуметтік желіде Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы 28 жастағы әйел адамның кәмелет жасқа толмаған үш қызға зорлық-зомбылық көрсеткені туралы ақпарат, бейнефото материалдар тарап, қызу талқығы түскен болатын.  Аталған оқиға бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір