• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:01:47
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2019 Саясат

Үміткерге 107 аурудан ада деген анықтама керек

Президенттікке үміткер азамат симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қосқанда, органикалық дертпен ауырмауы тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігіне үміткер болуды көздеген адамдарға талапты күшейте түсті. Енді ел тұтқасын ұстауға ұмтылған азамат ОСК жариялаған 107 аурудан ада деген анықтама алуы қажет.

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, сай президенттікке үміткер азамат симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қосқанда, органикалық дертпен ауырмауы тиіс.

Тізімде психобелсенді заттарды тұтынудан болатын психикалық және мінез-құлық бұзылулары, шизофрения, шизотипиялық және сандырақ аурулары бар. Бұдан бөлек, азамат апатты бастан кешкеннен кейінгі созылмалы өзгеріске шалдықса әрі эмоциялық тұрақсыз болса кандидат бола алмайды.

Сонымен қатар, гипомания, мания, биополярлы аффектілік бұзылу, шизоид, пааноид, истерия, шизофрения, педофилия сынды дерттер де тізімнен орын тапқан.

Мұндай медициналық куәландыру кандидат бойында аурудың бар-жоғын анықтау үшін жүргізіледі.

Бүгін сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласында Оталық сайлау комиссиясының отырыс өтеді. Аталған мәселелер сол басқосуда кеңінен талқыланбақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір