• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 06:10:16
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

19 Сәуір, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Екі қолы, бір аяғы жоқ жас жігіттің әні көпшілікті жылатты (видео)

Жетім көрсең жебей жүр...

Мүгедек боп дүниеге келген жас жігіттің әні әлеуметтік желі қолданушыларының көзіне жас ұялатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ол жігіт туралы блогер Дәулет Мұқаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Жас жігіттің 20 жастағы Нышанбай Оңғарбай екенін таныстыра келе блогер "Екі қол, бір аяғы жоқ болып дүние есігін ашқан, 1-ші топтағы мүгедек. Шымкенттегі "Тасарық" балалар үйінде тәрбиеленіп өскен. Бүгінде сол Шымқаладағы Нұрсат мөлтекауданында пәтер жалдап тұрады" дей келе, "мемлекеттен 56 мың көлемінде жәрдемақы алады. Өкінішке қарай, бұл ақша пәтер ақысынан артылмайды. Оған қоса, аяғына киілетін протезі де ескірген" деп жазған. 

Протезін жыл сайын ауыстырып отыру керектігін де атап өткен блогер Нышанбайдың соңғы үш жыл бойы бір протезбен жүргенін, ескіргендіктен аяғын қысып, қажайтынын алға тартқан. Бұған да амал жоқтықтан шыдап жүрген жас жігітке көмек қолын созайық деп барша қазақ халқына үндеу тастаған блогер: "Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, ағайын! Көмек қолын созам деушілер болса, төменде көрсетілген телефонға xабарласыңыздар: 8-702-56-11-444" - деп жазбасының соңында қажетті есепшот нөмірлерін де қалдырған.

Мұндай жағдайға бей-жай қарай алмайтын желі қолданушылары жас жігітке жаны ашып жақсы пікірлермен қолдау білдіріп, барынша көмек қолдарын созуға дайын екендерін де жеткізген екен. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Өлместің күні... Бұл 20 жастағы Нышанбай Оңғарбай. Екі қол, бір аяғы жоқ болып дүние есігін ашқан, 1-ші топтағы мүгедек. Шымкенттегі "Тасарық" балалар үйінде тәрбиеленіп өскен. Бүгінде сол Шымқаладағы Нұрсат мөлтекауданында пәтер жалдап тұрады. Мемлекеттен 56 мың көлемінде жәрдемақы алады. Өкінішке қарай, бұл ақша пәтер ақысынан артылмайды. Оған қоса, аяғына киілетін протезі де ескірген. Айтуынша, оны жыл сайын ауыстырып отыру қажет. Бірақ соңғы үш жыл бойы бір протезбен жүр. Аяғын қысады, қажайды. Десе де шыдауға мәжбүр. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, ағайын! Көмек қолын созам деушілер болса, төменде көрсетілген телефонға xабарласыңыздар: 8-702-56-11-444 Каспий Голд 5169 4931 7331 2300 ИИН 831121401365 Сандуғаш Пердешқызы @sandi_adina Алла мол сауаптан жазсын!

Публикация от Қазақтың ДӘУЛЕТі (@dauletten)

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір