• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 05:25:59
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

19 Сәуір, 2019 NEWS

Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит

Әркімнің өз шындығы бар!

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жетісай қаласында орын алған сұмдық оқиғаға байланысты жаңа деректерді келтірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өгей шешесінен азап көрген апалы-сіңлі үш қыздың туған анасы шындығын айтыпты. Оның айтуынша, қыздардың әкесі салафит ағымына кіріп кеткен екен.

"Қыздардың туған анасы өз шындығын айтты.
Әкесі салафи ағымына кіріп, күнде ұрып соғып отырғанын да жеткізді. 
Қыздарды тастамайтын едім, "ол мені мәжбүрледі, үйден қашуыма итермеледі" деп жылап отыр.
Әркімнің өз шындығы бар!
Мен ешкімді ақтамаймын!
Мен тек қыздарды мына қатыгез жауыздардан оқшаулау керек екенін түсіндім. Мемлекет өз бақылауына алып, қыздарды бейімдеу, оңалту орталығына жатқызу керек. Қыздармен педпсихологтардан бөлек, психиатрлар жұмыс жасауы керек!
Маған үш қыздың қауіпсіздігі керек. 
Бұл өмірде ақшадан да құнды дүние бар екенін түсіну керек. Ол – балалардың тыныш өмірі!" - деп жазады Айгүл Орынбек.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір