• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:08:40
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2019 NEWS

"Туған қызым менен теріс айналды, сөйлескісі келмейді!" Ақтөбелік келіншек 11 жастағы қызының болашағы үшін қатты алаңдаулы. Айтуынша, оның мінез-құлқы әкесінің үйіне барғаннан кейін адам танымастай өзгеріп кеткен. Тіпті, анам маған қол көтереді деп жалған сөйледі, дейді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмарал жолдасымен 2012 жылы заңды түрде ажырасқан. 11, 13 жастағы қыздары мен 8 жастағы егіз ұлдары соттың шешімімен анасының тәрбиесінде қалады. Ерлі-зайыптылардың арасындағы түсініспеушілікке балалардың еш қатысы болмағаннан кейін, ол балалардың әкелерімен кездесіп тұруына кедергі болмаған. Ұлдары мен қыздары мереке, демалыс күндері әжелеріне қыдырып барып, қонып қалып жүрген. Тек наурыздағы мерекеден кейін әкесіне барған екінші қызының мінезі күрт өзгергенін байқайды. 

«Бала менен қорқып, зәбір көрген құсап қалды. Үлкен қызыма да "сені алып кетеді, әкем документ дайындап жатыр" деп, шыңғырып, әкесі есікті теуіп, алып кетті. Алып кеткеннен кейін менің үстімнен арыз жазып, "мамам мені қылғындырды, соткамен басымнан ұрды" деп, медэкспертизадан справка алып, 8-і күні әкімшілік сот болды», - дейді оқушы қыздың анасы Ақмарал Келбетова.

Ал Ақмарал қызын ұрмақ түгілі, дауыс көтермейтінін айтады. Балалары да бір-біріне қамқор, бауырмал . Аналарына «сіз» деп сөйлеу керек деп тәртіп орнатқан да осы 11 жастағы қызы екен. Ақмарал оның аяқ астынан «әкеме кетем» деп шешім қабылдауына біреулердің ықпалы болды деп күмәнданады. 
 
«Ал мен қалай алимент дұрыс, уақытылы төлемегендіктен, оның қарызы болғаннан кейін , қолдан жасап отырғаннан кейін, минимальный төлейтін болғасын, өндіріп беруін сұрағаннан кейін басталды, мұның бәрі. Үйдегі бауырлары бар, егіз інілері бәрі сағынып жүр», - деп айтты Ақмарал Келбетова.

Мән жайды білмек болып балалар ауруханасына бардық. Неврология бөліміндегілер қыздың қандай диагнозбен жатқанын, не ем жасалып жатқанын ашып айтпады. Дәрігерлік құпия деп отыр.
 
"Белгілі бір неврология белгілерімен түсті, жағдайы жақсы. Толық тексерулермен ем қабылдап жатыр", - деп мәлімдеді облыстық балалар ауруханасы неврология бөліміні меңгерушісі Бағила Жұмашева.

Ақмаралдың айтуынша, балаларының әкесі қазір отбасын құрған. Екінші некеде ортақ ұлдары бар екен. Ер адамды бұрынғы келіншегінің үстінен сотқа шағымдануына не түрткі болғанын сұрағанымызда, «қызымның шешімі- осылай, ол анасымен тұрғысы келмейді» деді. Ал Ақмаралдың туған қызына қол көтергенін ол да "өз көзіммен көрмедім" деп отыр. 

ҚАНАТ АБДУЛ, ОҚУШЫ ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ : «Мен көзіммен көрген жоқпын. Туған шешесі қол көтерді балаға, жағдайы жаман болды деп айта алмаймын."Мен мамамен тұрғым келмейді", деді, бала болғасын, енді андай-мындай ұсақ-түйек әңгіме айтады ғой, Мен айттым, "бота, ондай терме әңгіме керек емес, өмірлік қадамың, бұл саған мазақ емес, бүгін папамен тұрам, ертең мамамен тұрам, дұрыстап ойлан"», - деп айтты қыздың әкесі Қанат Абдул.

Келіншектің мәселесімен танысқаннан кейін, қорғаншылық бөліміндегілер соңғы шешімді сот қабылдайтынын айтты. Осы оқиғадан кейін қыздың әкесі лезде құзырлы орындарға баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы арызданған. 

«Баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтаумен сот айналысады. Әкесі кедергі жасайтын болса, бізге арыз жазып кетіңіз, біз баланың анасымен кездесіп тұруына шешім шығарып береміз», - деп айтты қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ағыпыс Шағырова.

"Баласына қол көтерді" деп әкімшілік жауапқа тартылған Ақмаралға айыппұл салған. Алайда, келіншек мұнымен келіспейді. Медциналық сараптаманың қорытындысына да күмәнданатынын айтты. "Мен қызыма қол көтерген емеспін", - дейді ол. 

Ата-анасының арасында тағдыры таласқа түскен 11 жастағы оқушының мәселесі енді сотта шешілетін болады. Өйткені, қыздың анасы бұған дейінгі соттың шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. 

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір