• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:26:55
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2015 NEWS

Сәрінжіпов пен Перуашев "шайқасы": білім үшін бе, тиын үшін бе?

Кеше Мәжіліс депутаты, "Ақ Жол" партиясы лидері Азат Перуашев ҚР Білім және ғылым министрін сынға алып, қайта-қайта заңды ауыстыра бергеннен, шенеунікті...

Кеше Мәжіліс депутаты, "Ақ Жол" партиясы лидері Азат Перуашев ҚР Білім және ғылым министрін сынға алып, қайта-қайта заңды ауыстыра бергеннен, шенеунікті ауыстырған әлде қайда тиімді екенін айтты. Бұл туралы "Қамшы" порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Парламент депутаттарының алдында бұл жолы Білім және ғылым министрі есеп берді. Атқарған шаруаларын айтты. БҒМ шамасы жетпеген шаруаларға депутаттардың араласуын сұрады.

Бірінші: Аслан Сәрінжіпов мырза Қазақстан Республикасы БҒМ ішіндегі жемқорлық мәселесін ашық мойынаған алғашқы министр болып тарихта қалатын болды. Ол өзі басқарып отырған министрлікті жемқорлық жайлай бастағынын мойындады.

Екінші: Қазақстандағы жекеменшіктегі ЖОО жабу туралы бастама көтерді. Өйткені аталмыш мекемелер (ЖОО) диплом сату орнына айнала бастағаны жасырын емес еді.

Үшінші: Оқу жылы аяғында мектеп бітіруші түлектердің арасындағы суицид мәселесінің өрши түсетіні тағы бар. Аслан мызраның айтуынша, мектеп бітірушілер мен мектеп жасындағы жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші 35 пайызға төмендеген. Десе де былтырғы жылы 190 оқушының өзіне өзі қол жұмсау фактісі тіркелген.

- Менің ойымша, 190 - бұл тым көп. Тіпті 1 балның өлімі біз үшін орны толмас қасырет. Біз бәріміз, мектеп, ата-аналар, құқық қорғау органдары, психолотар бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Балаға мектептегі факторлар әсер етуі мүмкін. Алайда, оқушы күнінің жартысын ғана мектепте өткізеді. Қалған уақытта бала денсаулығына - ата-ана жауапты,-дейді

Төртінші: Министр мырза мен депутаттың арасында түсініспеушілік туғызған мәселе - қарастыруға ұсынылған, алайда қарастырылмаған жаңа заң жобасында. Бұл "ҚР БҒМ мәселелеріне қатысты бірқатар заңнамалық актілерге қосымшалар және түзетулер енгізу туралы" еді. Қарапайым тілмен айтқанда, биылғы жылдан бастап еліміздегі барлық ЖОО-ын аттестациядан өткізудің орнына барлығын бірдей тәуелсіз акредитациядан өткізу керек болатын. БҒМ басшысына бұлайша жарлық берген - Елбасы еді. Алайда Елбасы шегелеп берген тапсырманы шенеунік орындамаған. Бұл өз кезегінде "Ақ Жол" партиясы жетекшісінің ашуын туғызған.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

- Не болды? Президент тапсырмасына сәйкес, биыл барлық ЖОО-дарын толық аттестациялаудан бас тартып, орнына толық акредитациялауға көшуіміз керек еді. Білім министрі бұл тапсырманы орындай алмады. Енді келіп, бізге не үшін орындай алмағанын айтып ақталуда. Оның (Аслан Сәрінжіпов - т.а.) айтуынша, ЖОО-ы бұл жүйеге толық дайын емес. Дайын болмай шықса, олардың (ЖОО) кемшілігі. Министр мырза мәселедегі кемшіліктерді шешудің орнына бізге келіп, заңды ауыстыруды ұсынып отыр. Бұны қалау түсінуге болады? Президенттің нақты тапсырмасы бар. Ал тапсырма орындалмаған. Бізге келген министр мырза, "енді жағдай солай болып қалды, заң жобасын ауыстыра салайық", дейді. Жоқ. Кей кезде қайта-қайта заңды ауыстыра бергеннен гөрі, түк бітіре алмайтын министрді ауыстыра салған тиімділеу. Осыған орай менің министрі мырза сұрағым бар еді. Сіз Президенттің акредитациялауға көшу туралы тапсырмасын аяқсыз қалдырдыңыз. Бізге келіп, заңды ауыстырайық дегенше, неге өз еркіңізбен отставкаға кетпейсіз?

"Ақ Жол" фракциясы лидері бұл жолы тым ашулы, қабағы қатулы болды. Ол журналистерге берген сұхбатында парламенттегі "Ақ Жол" фракциясы бұл заң жобасын мақұлдамайтын ашық жеткізді.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Әр бағдарлама үшін ЖОО-ы 5 миллион теңге төлейді. Қазір ақша төлеген жеке меншік ЖОО барлығы акреитациядан өтті. Бұл дұрыс жол емес. Ақша төлегенмен кем-кетіктер түзетілмейді. Сондықтан біз акредитациялау ісін кейінге шегеріп отырмыз. Сондай-ақ, міні көп министрліктің тізгіншісі Аслан мырза, өзінің отставкаға кету, кетпеуін шешетін Президент екенін айтты. Ал Азат Перуашевтің мәлімдемесіне келер болсақ, олар ұсақ (жеке меншіктік) ЖОО-ың мүддесі үшін қызмет етуші, білімді бизнеспен шатастырған лоббилерге айналған. Елбасы тапсырмасына сәйкес, біз мұндайлармен күресудеміз. Әрине, олар қарсылық танытады, сынаған болып көрінеді. Бірақ, біз алған бағытымыздан қайтпаймыз. Министрдің мәлімдемесіне қатысты "Ақ Жол" жетекшісінің жауабы да көп күттірмеді. Азам Перуашев, Аслан Сәрінжіповті, өзіне жала жапқаны үшін сотқа беретінін айтты. Дегенмен ол өзінің жеке бизнесмендердің мүддесін қорғайтынын жасырмады. Тіпті, бұл Елбасының саясаты деп те ақталды.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір