• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:41:03
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2019 NEWS

"Субарумен" соғысқан мопедтегі жігіттердің халі мүшкіл

Жеңіл автокөлік бұрылған уақытта екі жігіт мінген мопед келіп, оң жақ бүйірден соққан.

Алматы қаласында Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшелерінің қиылысында мопед тізгіндеген екі жас жігіт «Субару» маркалы жеңіл көлікпен соғысып, қиын жағдайда ауруханаға түсті.

Инстаграм желісіндегі парақшалардың бірінде оқиға орынында болған желі қолданушысының әуесқой бейнематериалы жарияланды.

Оның айтуынша, жеңіл автокөлік бұрылған уақытта екі жігіт мінген мопед келіп, оң жақ бүйірден соққан.

Жол-көлік апаты орынына жедел жәрдем қызметі қоңырау шалынғаннан кейін бір минут көлемінде жетіп, жарақат алған азаматтарды ауруханаға алып кетті.

Оқиға орынындағы куәгерлердің айтуынша, екі жігіт те ауыр жарақат алған. Үш жедел жәрдем көлігі уақытылы келмегенде, жағда қиындай түсетін еді-мыс.

Қазір жол полициясы аталған мәселе бойынша жұмыс жасауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір