• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 05:52:53
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

20 Сәуір, 2019

Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты

20 сәуір күні 04:15-те Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болып, 11 адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханада жатыр.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысындағы ірі жол апатына зардап шеккен отбасыларға көңіл айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ол туралы Мәулен Әшімбаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

"Жамбыл облысындағы ірі жол апатытуралы суыт хабар менің де көңілімді құлазытып жіберді. Осыған байланысты өзімнің және «Nur Otan» партиясының атынан апат салдарынан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын" дей келе, қоғам қайраткері зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектес екендігін де жазыпты. 

"Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, облыстық әкімдік тарапынан шұғыл түрде тиісті жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстарға «Nur Otan» партиясы да белсене араласып, қажетті шараларды қолға алды" деп аяқтаған өзінің жазбасын.

Еске сала кетсек, 20 сәуір күні 04:15-те Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болып, 11 адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханада жатқандығы хабарланған болатын. 

Хабарламада, апатқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 тармағына сай қылмыстық іс қозғалғаны да атап айтылған. 

Оқи отырыңыз, ♦Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір