• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:13:08
Алматы
+35°

22 Сәуір, 2019 NEWS

Шри-Ланкадағы "Әулие Антония" шіркеуіндегі сегіз жарылыстың салдарынан қаза тапқандар саны 215 адамға артты.

Бүгін желіде Коччикаде қаласындағы "Әулие Антония" шіркеуінде жарылыс орын алғаны туралы хабар тарады. Көліктің видеотіркеу жүйесіне жазылған бейнеде шіркеу ғимаратынан оқыстан түтін шыққаны анық көрінеді.

"Жеті күдікті азамат қолға түсті. Қаза тапқандар арасында 35 шетелдік азамат бар", - деп хабарланды Твиттер желісінде құзырлы органдар өкілдері тарапынан.

Еске сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарында біршама уақыт бұрын қаза тапқандар саны – 207, зардап шеккендер саны – 450-ден астам деп көрсетілген-ді. Қазір қаза тапқандар саны 215-ке жетіп, зардап шеккен адамдар саны 500-ден асқан.

Пасха мерекесін тойлау кезінде католиктік шіркеулер мен Коломбо қонақ үйінде және елдің басқа бөліктерінде жалпы саны сегіз жарылыс орын алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір