• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:55:50
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2019 Саясат

«Қазақтың қазанаты қайда?» деп президенттікке кандидат ретінде тіркелген азамат кім?

Ол – «Ұла дала тұлпары – Құлагерге» ескерткіш тұрғызған жаны қазақы жігіт

Президенттікке кандидаттарды тіркеу басталды. Ал «Президенттікке кандидат ретінде алғашқы болып тіркелген Сәдібек Түгел кім?» дегенде оған берер жауап бар: Ол - «Қазақтың Қазанаты қайда?» деп жүрген ұлтжанды қайраткер. Сонымен...

–«Ұлы деген сөзден қашпау керек. Қазақ– Ұлы халық. Қазақ ұлы болмаса, осынау Ұлы жерді ұстап тұра алмаған болар еді. Менің зерттеуімде қазақтың тарихындағы барлық соғыстың 90 пайызы осы Ұлы дала жері үшін болған. Біздің міндетіміз–Ұлы даланы қастерлеу, құрметтеу, тарихын зерттеу, қазіргі қазақ жастарын ерлікке, батырлыққа, батылдыққа, отаншылдыққа, жерді сүюге тәрбиелеу. «Біз кімміз?» дегенде,  Алтайдан Атырауға, Ұлытаудан Алатауға дейінгі ұланғайыр жерді мекендеуші –Ұлы қазақ халқының ұрпағымыз деуіміз қажет,–дейді ол.  

–Бізде ұлттық идеология, жастардың тәлім-тәрбиесі кемшін соғып келеді. Оны баю, баю, баю деген ұғымдар басып қалған. Бұл дегеніміз, алдымен экономика, сосын идеология деген ұғымның салдары деп есептеймін. Менің пікірімше, экономика мен идеология  қыран құстың қанатындай тең болуы керек. Бірге жүруі керек. Сонда ғана ұлт руханияты жоғары деңгейде болады,–дейді ол.

Ол –Ұлы далаға арналған «Ұлы дала батырлары», «Ұлы дала тұлпарлары»,  «Замана желмен жарысқан Қазанат» атты ұлттық рухқа толы игі шараларды тұрақты өткізіп жүрген азмат.

Ол – «Ұла дала тұлпары – Құлагерге» ескерткіш тұрғызған жаны қазақы жігіт

Қазір ол достарымен бірлесіп, дүние жүзінде теңдесі жоқ «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салуда.

Ол – Астанаға арналған «Астана қаһармандары» – «Первопроходцы Астаны» атты жобаның авторы.

Ол – Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Құрметті азаматы.

Сәдібек Түгел – Ұлттық спорт саласында да айтарлықтай табыстарға қол жеткізген азамат. Өткен ғасырдың 90 жылдары  ҚР Ұлттық  Ат спорты түрлерінің негізін қалады,  алғашқы ережесін жазды, жұмысын жетілдірді. Сәдібек Түгел  бүкіл Қазақстан атбегілерінің 1995 жылы Алматы қаласында өткен  тұңғыш құрылтайының бастамашасы.

Ол - Ұлы дала қырандары»»республикалық халықтық қозғалыстың теңтөрағасы.

Ол– Қазақстан Республикасы Ұлттық Ат Спорты Түрлері Федерациясының Президенті.

Ол –жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист.

Президенттікке кандидат туралы аз-кем дерек

Түгел Сәдібек – жазушы. 1955 жылдың 25 ақпанында Шығыс-Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келді. Ұлттық құндылықтардың ұлықтаушысы, зерттеушісі, Нұр-Сұлтан қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы.

Сәдібек Түгел  1955 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Аманкелді ауылында туған.

1980 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы Алматыдағы политология-басқару институтын (бұрынғы жоғарғы партия мектебі) тамамдаған. Әскери міндетін атқарып келген соң, Алматы мақта иіру фабрикасында слесарь болып жұмыс істеген. 

1977–1978 жж. Ұлан аудандық «Расцвет» – «Өркен» газетінде аудармашы, 1978–1979 жж. Ұлан аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1979–1984 жж. Ұлан аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1990–1991 жж. аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1991–1992 жж. халық депутаттары аудандық Кеңесінің тексеру комиссиясының төрағасы, 1992–1994 жж. аудандық «Ұлан таңы» – «Уланские зори» газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Мемлекеттік емтихан комиссиясының 1990 жылғы шешімімен политолог, жоғарғы және орта дәрежелі оқу орындарында әлеуметтік-саяси мәселелерінің оқытушысы мамандығын алған. 

1994–1998 жж. «Қазақ Телевидениесі мен Радиосы» Корпорациясында жауапты қызметтер атқарып, 1998–2003 жж. Елордамыз – Астана қаласының баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының жетекшісі, Астана Халықаралық баспасөз орталығының бас директоры міндетін атқарған. 2003–2005 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпаратпен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір Қазақстан Республикасы Ұлттық Ат Спорты Түрлері Федерациясының Президенті болып қызмет атқарады.

Әңгімелері газет, журналдарда жарияланып тұрады. «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!» деректі повесінің, «Асыл жиреннің киесі» әңгімелер жинағының авторы.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір