• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:49:41
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2019

"Балуан Шолақ" түсірілген Тоғызбұлақтың таңғажайып табиғаты (фото, видео)

Қош келдіңіз! Бұл көріп тұрғаныңыз Күнгей Алатауының солтүстік етегінде орналасқан Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты елді мекен - менің ауылым!

"Балуан Шолақ" фильмі қалың көрерменге жол тартқалы ол туынды туралы сан түрлі пікірлер, сын, ойлар айтылып жатыр, жазылып жатыр. "Фильм қайда түсірілген, табиғаты қандай керемет жер, қай жер екен" деген сауалдар да баршылық. 

Тоғызбұлақ

Нұргелді Садығұловтың режиссерлігімен басты рөлде Еркебұлан Дайыров ойнаған бұл фильмнің басым көп бөлігі таулы аймақта, Алматы облысындағы ауылда түсірілгенін режиссер бір сұхбатында айтып өткен еді. 

тоғызбұлақ

Бүгін дәл сол фильмнің негізі көріністері түсірілген Алматы облысы, Кеген ауданы, Тоғызбұлақ ауылы жайлы жазбақшымын. 

тоғызбұлақ

Ұмытсаң шаттық, қуаныш, күлкі, бақытты,

Таста да бәрін, ауылға бұрғын бағытты.

Құртын жеп, сүт іш, шапқылап тайға мін-дағы,

Арқалап маған ала кел қалған сарқытты...

 Тоғызбұлақ

Сағыныш – ес білгелі санамды саялап, көңілдің көрпесін жұлқылай, жүрегімді шымши, мұңымды бүлкілдетіп барып, жанардан жас атқылататын нәзік бір сезім. Түрі көп бұл сағыныштың. Тай-құлындай жарысып, күнмен-түнмен алысып, табиғатпен танысып, ойдөйт, балалар жүр, әнекей, жердің шаңын шығарып, ойнап-күліп қуанып, әкелері күні-түн тепеңдейтін еңбектеп, астықтарды суарып, кекілдері желпілдеп, ұшайын деп елпілдеп, анасына әр бала, мақтанып жүр еркелеп... Иә, дәл осындай еді шынайы көрінісі... Көмбеден шыққан анамның ыстық нанының арасына қара сиырдың қою сүтінің майынан бір тілімін салып, былбыратып тұрып, асап‑асап жіберіп, қараңғыға қойылған суық сүттен сіміріп, асқазанға ел қондырып аласың алдымен. Содан соң қорадағы мөңіреп тұрған екі бұзауды суғару үшін шыбықпен шықпыртып алдымызға салып, тәшкіге флягті «өңгеріп» алып, көшені басымызға көтеріп, тарсылдатып, суға қарай  жүгіре жөнелетін, Ауылым‑ай, бүгінгі айтарым саған деген ұлы сағыныш жайлы болмақ.

Тоғызбұлақ

Алматыдан 250 шаршы шақырым  жерде біреу білер, біреу білмес кішігірім бір «жер» бар. Ол қандай «жер» десеңіз, тыңдаңыз. Атыңыздың басын Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай бұрып, Көкпек атты жазықты басып өтіп, өркеш-өркеш Аласа атты таудан асып, сала-сала сайлардан өтіп, әлемге әйгілі Шарын шатқалына жете бере кілт тоқтаңыз. Енді санмыңдаған жылдар  бойына тынымсыз аққан Ақтоғай, Көртоғай өзендері салған көзді тартар шатқалдан батысқа қарай қырық алты шақырым жердегі қазақ даласының сонау қырғыз елімен шекаралас жеріне иірім-иірім жолдарды жағалай отырып, тік тарта беріңіз. Қош келдіңіз! Бұл көріп тұрғаныңыз Күнгей Алатауының солтүстік етегінде орналасқан Алматы облысы, Кеген ауданына қарасты елді мекен - менің ауылым! Тоғыз таудан аққан бұлақты мекен - Тоғызбұлағым!

Тоғызбұлақ

Ауылымда 230 шаңырақ, 1000-нан астам тұрғын, сал Қапездің атымен аталатын орта мектеп, бала-бақша, пошта, учаскелік амбулатория,  мешіт, тойхана,  клуб, шағын жеке дүкендер бар. Маңғырған малы, кемпір мен шалы, өсімдік талы, бәрі бәрі. Үйлесім тапқан, нұр шуақ шашқан, көктемде, жазда ашық аспан, ал, тұрғындары, мейірімді асқан... Суреттей берсең сөз қалмас...

         Кең байтақ қазақ даласының қайсыбір бұрышын мекен еткен әдеттегі ауылдардан еш айырмашылығы жоқ бұл ауылдың да, әрине! Дегенмен, бұл менің ауылым! Айқыш-ұйқыш дұрыс жиналмаған төсектей дөңес-дөңес жоталардың әр төбесінде бір түтін, яғни бір үй десе де болады. Үшінші, төртінші көршіңе бару үшін, бір қотыр көшеден, бір сайдан асуың керек. Жо-жоқ, ауылым шашылған асықтардай емес, тек кең. Бұл менің кіндік қаным тамып, алғаш тіршілік атаулымен, көз ұшындағы көкжиекпен танысып, аяқ «шығып» еңбектеп, томпаңдап, жалаңаяқ шапқылап, жүз сүрініп, мұрнымды, тіземді жерге сүйдіріп, дөңіне өрмелеп, сайын тасалап, бала-бақшасына, мектебіне жүгіріп, қысқасы, балдай тәтті балалық шағым өткен құтты мекенім-Тоғызбұлағым!

Тоғызбұлақ

Негізінен мал шаруашылығымен, соның ішінде, жылқы, сиыр, қой өсірумен айналысатын ауыл тұрғындары жаз шыға Екіаша жайлауына, Кеңсу өзеніне және сонау қырғыз елінің Жасыбай көліне дейін жайлауға аттанады. Қыс түсе Торайғыр қыстауын мекен етеді.

Тоғызбұлақ

         Ауылымды бауырына жасырынған Күнгей Алатауында қабан, бұғы, елік, түлкі, қасқыр, сілеусін бар. Қырқыншы жылдары қарақұйрық, аю болған. Алайда, белгілі-белгісіз себептермен олар мекендерін ауыстырған деседі. Сонымен қатар, тауда түрген шыршасы, шетен, долана, үшқат, сарыағаш, қайың, неше түрлі тал-теректер өседі. Және онда Меркі атты өзен ағады. Ол Кеңсу, Қарқара өзендерімен қосылып, Шарынға құяды. Жаздың соңғы екі айы тауда самсап тұрып таңқурай пісетін, тауға шығып, онда ағып жатқан балықсыз өзен Меркіге шомыла, бір сергіп қайтатын кезең. Таңқурайды теріп, ауыл арасына, көрші ауылдарға сатумен айналысатын ауылымның ойын балалары күздік кейбір жамауларын жамауға тиін-тебен тауып, ата-аналарының бір жағына шығысады. Ол да болса кішкентайынан еңбек етуге үйреткен өмір сабақтарының бірі болса керек. Он бір, он екі жаста болғанымда, ең алғаш таңқурай теруге шығып жүрген шақта, мойыма ілінген банканы енді толтыра бергенде, банкаммен, таңқурайыммен қоса таудан домаладым. Қолымды сырып, қалақай шақса да, ол үшін емес, төгілген таңқурай үшін жылағаным әлі есімде. Айта берсе естелік көп Тоғызбұлақ жайлы... 

  Тоғызбұлақ

Ақша бұлттарың көк аспаныңнан көшкенде...

Жазық далаңа көкмайса шөбің өскенде...

Арпа, бидайың күз келе тонын шешкенде...

Жылы нөсерің жеріңе нұрын төккенде...

Малшы-қоншылар ақ қарды белден кешкенде...

Тірлік қылмаған қалмайды-ау, сірә, еш пенде...

Тыпыңдап сол бір бітпейтін күйбең кеште де...

Тоғызбұлағым менің, кетпейсің ойдан, естен де...

Жыраққа сені аз уақыт тастап кетсем де...

Арманға, тілек, мақсатқа қанша жетсем де,

Әлемді шарлап, түрлі елді басып өтсем де...

Ұмыттырмайтын естеліктерім көп сенде...

Тоғызбұлағым, естеліктерім көп сенде...

Ендеше, Тоғызбұлақтың таңғажайып суреттерін тамашалаңыздар. 

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

 

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Тоғызбұлақ

Ұсынған: Мақпал Сембай

 

 

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір