• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:08:12
Алматы
+35°

Шри-Ланканың барлық мемлекеттік мектеп оқушылары 29 сәуір, дүйсенбіге дейін оқуын тоқтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтының дерегін негізге ала отырып.

Бұған дейін арал билігі елдің барлық мектептері 22-23 сәуір күндері жабық болады деп хабарлаған болатын. Жеке католиктік мектептердің сабақтары 29 сәуірге дейін тоқтатылған. Білім министрлігі барлық мемлекеттік мектептерде сақтық шараларын ескере отырып, демалыс уақытын 29 сәуірге дейін созуды шешкен.

Естеріңізге сала кетсек, жексенбі күні Шри-Ланкада бірнеше жарылыс болып, салдарынан 310  адам қаза тауып, 480 адам жараланған болатын.

CNN телеарнасының дереккөздері Үндістан мен АҚШ-тың арнайы қызметі Шри-Ланка билігін теракт жасалу қаупі бар екенін алдын ала ескерткенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл ескертпелер сәуір айының басында болған.

Телеарна журналистері құжаттардың бірінде, жарылыс жасауы мүмкін күдіктілердің тізімі де болғанын хабарлады.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір